АҚШ СТУДЕНТТЕРІ – студент сияқты, БІЗДІКІ – МЫЛҚАУ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №42 (359) от 17 ноября 2016 г.

 

Апта аптығы

 

 


 

АҚШ-та мыңдаған студент бір аптадан астам уақыттан бері сабаққа қатыспай, Дональд Трамптың президент болып сайланғанына қарсылық танытып жатыр, – деп хабарлайды Azattyq.org порталы.

 

Лос-Анжелес билігінің ақпаратына қарағанда, 4 мыңға тарта студент шерулетіп, Трамптың АҚШ-тан заңсыз мигранттарды шығару және Мексикамен шекараға қабырға орнату жоспарына қарсы «Менің президентім емес» деп ұрандап жатыр. Сиэтл билігі Трампқа қарсы наразылық акцияларына 5 мың студент (ондағы студенттердің 10 пайызға жуығы) қатысып жатқанын айтады.

Портленд, Орегон, Монтгомери, Мэриленд, Денвер және Сан-Францискода да жүздеген студент қарсылық танытуда. Нью-Йорк пен Лос-Анжелесте ондаған мың адам көшеге шықты. Көп қалаларда негізінен бейбіт демонстрациялар өтіп жатыр, – дейді Azattyq.org.

Ал осы жағдайдан кейін Қазақстан студенттерінің «белсенділігін» еске алар болсақ, олардан «Нұр Отанның» опыр-топыр жиынына қатысудан басқа азаматтық ұстанымды аңғару мүмкін емес. Тіпті, басқа қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты «мінез көрсетуді» былай қойғанда, біздің студенттер оқу ақысы мен жатақхана құнының қымбаттауына да қыңқ етпейді. Қоғамның бір қозғаушы күші саналатын студенттер қауымының Қазақстандағы «мылқаулығы» – елдегі саяси қуғын-сүргін жағдайымен түсіндірілсе керек.

 

«D»

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн