Суббота , 5 июля 2025

СҰЛУДЫҢ жарымжаны БОЛМАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (359) от 17 нояб­ря 2016 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Алма­ты­да мүм­кін­ді­гі шек­те­улі жан­дар ара­сын­да өткен сұлулық бай­қа­уын­да Сәби­на Қасы­мо­ва жеңіс­ке жет­ті. Ұлт­тық «Ұлы дала хан­шай­ы­мы» бай­қа­уы биыл елі­міз­де алғаш рет ұйым­да­сты­ры­лып отыр, – деп хабар­ла­ды ҚазАқпарат.

 

Әділ-қазы­лар алқа­сы­ның шеші­мі бой­ын­ша, екін­ші орын Қар­лы­ғаш Нұр­бе­ко­ваға бұй­ыр­са, Меру­ерт Күла­х­ме­то­ва үшін­ші оры­нға тұрақта­ды. Жеңім­пазға тәж­ді «Ресей аруы-2013» Ксе­ния Безуг­ло­ва кигізді.

Енді Сәби­на Қасы­мо­ва (сурет­те – орта­да) елі­міздің аты­нан негізін Ксе­ния Безуг­ло­ва қалаған халы­қа­ра­лық «Өрке­ни­ет аруы» бай­қа­уы­на қаты­са­ды. Бай­қа­удың ұйым­да­сты­ры­луы­на «Алма­ты әйел­дер клу­бы» қоғам­дық бір­ле­сті­гі ұйы­тқы бол­ды. Бас жүл­де­ге авто­көлік сый­ға тар­тыл­са, екін­ші оры­нға – екі ада­мға Бірік­кен Араб Әмір­лік­теріне жол­да­ма беріл­ді. Сон­дай-ақ, жүл­делі үшін­ші орын иегері smart-теле­ди­дар ұты­сы­на ие бол­ды. Қаты­су­шы­лар мүге­дек­тер арба­сын­да оты­рып өнер көр­сетіп, дизай­нер­лік және кеш­кі көй­лек­терін киіп шықты.

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн