Четверг , 1 мая 2025

МҰРЫН АНАҒА ескерткіш ашылды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (360) от 24 нояб­ря 2016 г.

 

Бәре­кел­ді!

 


 

 

 

Қаза­қта ана­лар көп дара туған,

Бір Тәңір пер­мені­мен жаратылған.

Ойла­у­мен елдің мұңын, жер­дің құнын,

Толға­нып, кір­пік ілмей таң атырған.

Солар­дың бірі – әулие МҰРЫН АПА,

Ырыс-бақ арыл­маған сабасынан.

Әбубәкір Қай­ран

 

Бүкіл қазақ елі құр­мет­тей­тін, шыққан тегі Ұлы жүз­де­гі атақты Үйсін Бәй­ді­бек би мен Дома­лақ ана­ның ұрпағы, Жүзей қызы най­ман­дарға келін боп түс­кен­де, күн­ге шағы­лы­сқан сұлулы­ғы­мен ғана әсер бер­се, бер­тін келе ақыл­ды дана­лы­ғы­ның арқа­сын­да жаңа көшінің нақ көрік­ті келіні болған. Бүкіл бір тай­па­ның ұйтқы­сы боп, бар­ша халық құр­мет­те­ген Мұрын ата­луы, келін болып түс­кен жерінің құр­метіне бөленеді.

Ғылы­ми деректер­ге жүгін­сек, Орта жүз Най­ман­ның ішін­де­гі Қара­ке­рей­ден өрбі­ген ата­лар­дың бірі – Бай­ыс. Шежі­ре деректерін­де Бай­ы­стың бес бала­сы­ның бірі – Сары (Ерса­ры). Осы Сары­ның бәй­бі­ше­сінің есі­мі Ақби­ке екен. Мұры­ны зор кісі бол­са керек. Осы Ақби­ке­ден өсіп-өнген ұрпақтың «Мұрын» ата­лып кетуі содан еді дей­ді ел аузын­дағы аңыз деректері.

Мұрын ана­мы­здың атағы алы­сқа кет­кенін, Тар­баға­тай тауы­ның ете­гін­де­гі Ақсу­ат өңірін­де өніп-өсіп жатыр. Көн­ші-Мұрын, Қыр­жы- Мұрын, Кен­же-Мұрын, Назар-Мұрын, Қыдыр-Мұрын тағы осы сияқты 17 болыс ел «Мұрын» атанған екен.

Өске­лең ұрпағы­мыз өткен тарих­тан қол үзіп бара­ды деп, жігері­мізді жани алмай, тари­хи тұлға­лар­дың есі­мі көмес­кі­лене түсу­де. Жастар­ды қой­ып, үлкен­дер­дің өзі тіке­лей ұрпағы бол­са да, Шығыс өңір­де­гі Мұрын ана жөнін­де­гі деректі біле бер­мей­ді. Егер тарих­та аты қалған Анаға ескерт­кіш қой­ы­лып, бей­несі көз алды­ңы­зда асқақтап тұр­са, кім­ге де бол­са ой сал­май ма? Біл­ме­ген­дер «Бұл кім?» деп сұрап, қызы­ғу­шы­лық танытады.

Биы­лғы жыл мау­сым айын­да Тар­баға­тай ауда­ны­ның орта­лы­ғы Ақсу­ат­та Мұрын Ана ескерт­кі­ші сал­та­нат­пен ашыл­ды. Алаңға лық толған, жан-жақтағы биік­тер­ді бауыр­лаған ауыл тұрғын­да­ры­ның нақ орта­сын­да рес­пуб­ли­ка, облыс, аудан бас­шы­ла­ры, елі­міздің көп­те­ген қоғам, ғылым, мәде­ни­ет қай­рат­кер­лері, ақын­дар, әншілер қоша­мет көрсетті.

Аудан әкі­мі Діл­дә­бек Ораз­ба­ев­тың арнау сөзі­нен кей­ін, елге арналған сөз­дер дари­я­ның тоғы­сты толқы­нын­дай шары­қта­ды. Бүкіл бір өңір­де­гі ел-жұрт Ұлы Ана­мы­здың аты­мен ата­луы­на атақ-даңқы аңы­зға айналған тұлға­ны мәң­гілік есте сақтау үшін, Ақсу­ат­тың төрін­де Мұрын ана­ның ескерт­кі­ші бой көтерді.

Тәу­ел­сіздік­тің 25 жыл­ды­ғы қар­саңын­да қазақ ана­ла­ры­ның асқақ бей­несін сомдаған қос мүсін­ші – Қаза­қстан Сурет­шілер одағы­ның мүше­сі Әлі­бек пен Ертіс Шоқа­но­втар­дың еңбе­гіне ел риза.

Май­дан САХАРБЕК,

Ақсу­ат – Алма­ты     

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн