ҒАЛАМТОР ҒАРІП БОЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №43 (360) от 24 ноября 2016 г.

 

Апта аптығы

Меңзеу

 

Басқа елде ең алдымен миллиардер болады, содан соң президент болып сайланады. Біздің елде президент болады, содан соң барып миллиардер болады.

• Ержан Тәліптің ФБ-парақшасынан

 

 


 

Қазақстан Freedom House халықаралық ұйымы ұйымдастырған ғаламтор еркіндігі рейтингінде 65 орынның 50-шісіне тұрақтап, өз позициясын төмендетті.

 

Жарияланған зерттеуге сәйкес, еркін емес ғаламтор деңгейі бойынша – 63 балл, ал БАҚ-тағы еркін емес сөз деңгейі бойынша – 84. Айта кетелік, Freedom House желідегі еркіндік деңгейін 0 – 100 аралығында белгілейді. Бұл ретте 0 балл толығымен тәуелсіз ғаламторды білдіреді.

Қазақстанда ғаламтордағы сөз бостандығын шектеу барлық 9 параметр бойынша анықталған: әлеуметтік желілерді бұғаттау; саяси, әлеуметтк және діни контентті бұғаттау; үкіметтік тілшілердің белсенділігі; ақпараттық-коммуникациялық желілерді бұғаттау; ғаламтордағы цензураны күшейтетін заң қабылдау; саяси немесе әлеуметтік тақырыптарда сөз қозғаған блогерлерді қамауға алу; блогерлерге шабуыл жасау; билікті сынға алатын интернет-ресурстарға техникалық шабуыл жасау.

Freedom House барлығы 65 елді үш параметр бойынша бағалаған: ғаламторға қол жетімділік, контентке шектеу қою және қолданушылар құқығының бұзылуы.

Тізімде бірінші орында Эстония мен Исландия (6 балдан), сосын Канада (16 балл) мен АҚШ (18 балл). Грузия 10-шы орында (25 балл), Армения – 17-ші (30 балл), Қырғызстан – 21-ші (35 балл), Украина – 25-ші (38 балл), Әзірбайжан – 43-ші (57 балл), Беларусь – 48-ші (62 балл), Қазақстан – 50-ші (63 балл), Ресей – 52-ші (65 балл), Өзбекстан – 61-ші (79 балл). Соңғы 63 пен 65 аралығындағы үш орында Иран, Сирия және Қытай (сәйкесінше, 87, 87 және 88 балл).

Еске салсақ, былтырғы Freedom House құрастырған ғаламтор еркіндігі рейтингінде Қазақстан 65-тің 48-інші орнында болған еді. 2015 жылы Қазақстан ғаламтор еркіндігі индексінде 61 балл жинады.

 

 

Қазақстанда әрбір үшінші адам ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖЕМ БОЛҒАН

 

Қазақстанда әрбір үшінші дерлік азаматтар күнделікті өмірде қоғамдық қызметті тұтыну кезінде коррупциямен ұшырасады деп мәлімдеді Transparency International халықаралық ұйымы «Әлемдік коррупция барометрі – 2016» деп аталатын есебінде. Ұйым зерттеуін Еуропа мен Орталық Азияның 42 мемлекетіндегі 60 мың адамнан күнделікті өмірінде коррупциямен қаншалықты ұшырасатыны туралы сауалнама алу негізінде жүргізген.

Есепте ТМД елдері арасында жүргізілген сауалнама бойынша сұралғандардың Тәжікстанда – 50 пайызы, Қырғызстан мен Әзербайжанда – 38, Арменияда – 24, Өзбекстанда – 18, Ресейде – 34, Беларусьте – 20 пайызы соңғы бір жылда сегіз қоғамдық қызмет көрсетіп тұтынғанда, коррупциямен ұшырасқан.

Зерттеу постсоветтік 14 мемлекет пен Еуропаның 28 мемлекетінде жүргізілген. Ұйым мәліметінше, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 37 пайызы коррупцияны үкімет назар аударуы тиіс басты үш проблеманың бірі ретінде атаған. Ұйым зерттеуде ТМД елдерінде коррупция деңгейі ең жоғары әлеуметтік қызмет көрсету салалары – жол полициясы, медицина, білім беру, азаматтық сот саласы екені анықталды, – дейді.

Azattyq.org


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн