Суббота , 5 июля 2025

«АСТАНА БАЛЕТ» КІМГЕ ҚАЖЕТ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (361) от 01 декаб­ря 2016 г.

 

Апта аптығы

 

Бұл екі арада

 


 

Жуы­қта елор­да­ның ресми сай­ты 10–11 жел­тоқ­сан­да «Аста­на Балет» теат­ры­ның сал­та­нат­ты ашы­луы өте­ді, деп хабар­ла­ды. Әрине, мәде­ни­ет­тің мәт­шәсі сияқты мұн­дай өнер орда­сы қай елге бол­сын керек-ақ.

 

Бірақ бұдан бірер жыл бұрын ғана ашы­лған, құры­лы­сы 320 мил­ли­он дол­ларға түс­кен, сый­ым­ды­лы­ғы 1200 орын­дық мем­ле­кет­тік «Аста­на-опе­ра» теат­ры тұрған­да, тағы бір клас­си­ка­лық театр Қаза­қстанға қан­ша­лы­қты қажет бол­ды? Оның үстіне балет тама­ша­лағы­сы кел­ген аста­на­лы­қтар үшін бұл театр­дың балет труп­па­сы және бар.

Енді, міне, құры­лы­сы биы­лғы көк­тем­де ғана басталған, жал­пы ауда­ны 15 467 шар­шы метр бола­тын тағы бір балет теат­рын жедел түр­де пай­да­ла­нуға беру қамы жаса­лу­да. Опе­ра мен балет түгілі, кәдім­гі пье­са қоя­тын дра­ма­лық театр­ларға бар­май­тын аста­на­лық шене­унік­тер «Аста­на Балет­ті» көре­рмен­ге қарық қыл­ма­сы бел­гілі жәйт.

Ал осы Аста­на­да соңғы жыл­дар көле­мін­де рак ауру­ла­ры неме­се тубер­ку­лез ауру­ха­на­сы ашыл­ды деген­ді есті­ген тірі жан бар ма? Бүкіләлем­дік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның есебі бой­ын­ша, бұл екі дерт­тің өршу мөл­шері­нен Қаза­қстан дүни­е­жүзін­де­гі алға­шқы онды­қтан түс­пей жүр­гені жиі жазы­ла­тын жәйт.

Солай бола тұр­са да, елор­да­ның ресми сай­ты бір сахна­сы­ның ғана ауда­ны 536 м² бола­тын «Аста­на Балет­тің» ашы­лу сал­та­на­тын алдын ала дүр­кіретіп жазып жатыр. Айт­пақ­шы, сол сайт­тың айтуы бой­ын­ша, мұн­да сахна­ны транс­фор­ма­ци­я­лау үшін қозғал­ма­лы және көте­ру-түсі­ру меха­ни­ка­сы­ның ең озық тех­но­ло­ги­я­сы қон­ды­ры­лған екен. Сахнаға ең күр­делі сце­но­гра­фи­я­сы бар қой­ы­лым­дар қоюға қажет­ті бар­лық мүм­кін­дік жасалған екен. Көре­рмен залы­ның сый­ым­ды­лы­ғы – 783 орын (Алма­ты­дағы Опе­ра және балет теат­ры­ның сый­ым­ды­лы­ғы 784 орын).

Бұл театр қан­дай қажет­тілік­тен пай­да бол­ды? Ақпа­рат көз­дерінің хабар­ла­уы бой­ын­ша, бұл театр «Аста­на-опе­ра­мен» жаға­ла­сып, бір театр­дың сахна­сы­на тала­сып жүр­ген «Astana ballet» хорео­гра­фи­я­лық ұжы­мын жеке ғима­рат­пен қам­та­ма­сыз ету­ден туған екен. Ал халы­қтың қазы­на­сы есебі­нен жеке өзіне бөлек театр салып беретін­дей, «Astana ballet» деген бәле­кет қай­дан шыққан?

Бұл сау­ал­дың жау­а­бын ашық жазуға Қаза­қстан­ның Тұңғыш пре­зи­ден­ті тура­лы заң мүм­кін­дік бер­мей­ді. Бұл заң ҚР пре­зи­ден­тінің жеке басы мен отба­сы­на қаты­сты мәсе­ле­лер­ді сырт көз­ден қым­та­уға арналған. Ал егер кім­де-кім жаңа театр салуға түрт­кі тұлға­ны біл­гісі кел­се, «Гугл­ден» «Асель Иса­ба­е­ва­ны» тін­тіп шық­са, біраз мәлі­мет­ке кене­летін сияқты…

Ермұрат БАПИ

 

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн