БЫЛЫҚТАН КӨЗ АШПАҒАН агрокешенді жаңа бағдарлама жарылқай ма?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №44 (361) от 01 декабря 2016 г.

 

Апта аптығы

 

 


 

ҚР үкіметі отырысында таяу 5 жылға арналған АӨК-ні дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламасы қарастырылды, деп хабарлады ҚазТАГ. Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті агроөнеркәсіп кешенін әрі қарай жетілдірудің негізгі мақсаттарын, міндеттерін және бағыттарын анықтаған екен.

 

Сейсенбі күні сайтта жарияланған хабарда айтылғандай, ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бағдарламаның негізгі мақсаты өндірісті нарықтарда сұранысқа ие, АӨК-нің бәсекеге қабілетті өнімімен қамтамасыз ету екенін айтты. Аталған мақсатты іс жүзіне асыруға бірқатар міндеттер қойылды, соның ішінде 500 мыңнан астам жеке қосалқы және ұсақ фермер шаруашылығы үшін ауыл шаруашылығы кооперациясын құру, мал шаруашылығы тиімділігін 40%-ға, өсімдік шаруашылығы тиімділігін 30%-ға арттыру, қайта өңдеу үлесін және кәсіпорындар жүктемесін 1,3 есеге ұлғайту.

Бұдан өзге, ведомство отандық органикалық өнім брендін алға жылжытумен және агротехнологиялар трансфертінің тиімді жүйесін қалыптастырумен айналысады. Сондай-ақ министрліктің жоспарында мемлекеттік реттеуді жетілдіру, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді барынша қамту арқылы мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру жұмыстары бар.

ҚазТАГ


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн