Суббота , 5 июля 2025

ТЕРРОРШЫЛАР ЖАЗАСЫН АЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (361) от 01 декаб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы

 

 


 

Ақтө­бе­де поли­ция мен әске­ри бөлім­ге қару­лы шабуыл жаса­ды деп айып­талған­дарға қара­ша­ның 28‑і күні сот үкі­мі­мен өмір­лік және ұзақ мерзім­ді түр­ме жаза­ла­ры кесілді.

 

Қара­ша­ның 28‑і күні Ақтө­бе облы­сы­ның қыл­мыстық істер жөнін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық соты 5 мау­сым күн­гі аты­сқа қаты­су­шы­ларға үкім шығар­ды. Қару­лы шабуыл­дан соң түр­лі айып тағы­лған 29 адам­ның 7‑уі сот үкі­мі­мен өмір бойы бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды. Олар – Ақтө­бе қала­сы­ның тұрғын­да­ры Жаңа­бай Қуа­ныш­ба­ев, Әлі­бек Ақпан­бе­тов, Бақыт Қуа­ныш­ба­ев, Асхат Рах­ме­тов, Әну­ар Сади­хов, Арсен Таңа­та­ров пен Асхат Иманға­ли­ев. Тер­геу бұл аза­мат­тар­ды «тер­ро­ризм актісіне қаты­сты», «адам өлтір­ді», «қару­ды заң­сыз ием­ден­ді», «шабуыл жаса­ды», «адам ұрла­ды» деп айып­таған болатын.

Осы топ­тың құра­мын­да бол­ды деп айып­талған екі адам Аза­мат Абд­рах­ма­нов пен Айдос Жұба­нов 20 және 22 жылға сот­тал­ды. Еке­уінің де мүлік­тері тәр­кі­леніп, жаза­ла­рын қатаң режим­ді коло­ни­яда өтей­тін болды.

Сот­та­лушы­лар Аза­мат Абд­рах­ма­нов пен Айдос Жұба­нов «Пал­ла­да» дүкеніне шабуыл жасаған. Бірақ дүкен­нен алып шыққан қару­ла­рын тастап, бел­гісіз бағы­тқа кетіп қала­ды. Яғни, жасы­ры­нып қалған. Сөй­тіп, олар тер­рор­лық топ­тың өзге мүше­лері­мен бір­ге «Пан­те­ра» дүкені мен Ұлт­тық гвар­ди­я­ның 6655-әске­ри бөлі­міне, «Род­ни­ков­ка-Ақжар» блок посты­на жасалған шабуыл­дарға қаты­спаған, – дей­ді Ақтө­бе облы­стық соты­ның бас­пасөз хат­шы­сы Или­а­да Досова.

Тер­геу мате­ри­ал­да­ры­на қараған­да, 2016 жылғы мау­сым­ның 5‑і күні «дін жолын ұста­на­тын» 45 адам Ақтө­бенің Есет батыр көше­сін­де­гі жал­да­ма­лы пәтер­ге жина­ла­ды. Тер­геу кезін­де айып­та­лушы­лар ортақ таны­ста­ры Дмит­рий Таңа­та­ров пен Арман Айтуған­ның пер­зент­ті болуы­на орай жай­ы­ла­тын дастарқанға, яғни «ақиқаға шақыр­ту алған­да­рын» айтқан. Қару­лы шабуыл­дың жос­па­рын Дмит­рий Таңа­та­ров пен Арман Айтуған «қонақта­ры қара су мен құр­ма­дан дәм татқан­нан соң» жария етеді.

Тап осы тұста 26 адам Дмит­рий Таңа­та­ро­вты өздеріне «әмір» етіп сай­лап, оның соңы­нан ерген. Оның 18‑і (ара­ла­рын­да Дмит­рий Таңа­та­ров пен Арман Айтуған да бар) қару­лы шабуыл бары­сын­да оққа ұшқан. Ал қару­лы шабуыл тура­лы жос­пар­ды құп­та­май, үйді-үйлеріне тарасқан 18 ада­мға тер­геу Қыл­мыстық кодекстің 434-бабы бой­ын­ша айып тақты. Яғни, олар «қыл­мысты хабар­ла­маға­ны үшін» айып­ты болып шықты. Қара­ша­ның 28-інде олар сот үкі­мі­мен 2 мен 5 жыл ара­лы­ғын­да бас бостан­ды­қта­ры­нан айырылды.

«5 мау­сым оқиға­сы» бой­ын­ша айып­та­лушы­лар­дың жал­пы саны – 29 адам. Соның 28‑і сот үкі­мі­мен екі жыл­дан бастап өмір бойы түр­ме­де оты­руға дей­ін­гі ара­лы­қта жаза­ға кесіл­ді. Тек бір адам – «қыл­мысты жасы­рып қал­ды» деп айып­талған Үсен Өте­по­втің бас бостан­ды­ғы шек­теліп, төрт жыл­дық жаза­ның бар­лық мерзі­міне про­ба­ци­я­лық бақы­лау белгіленді.

«Үсен Өте­пов­ке жаза тағай­ын­дау кезін­де сот оның кінәсін толық мой­ын­дай­ты­нын, жағым­ды мінез­де­месін, отба­сы жағ­дай­ын және қыл­мыстық құқық бұзу­шы­лы­қтың сипа­тын, қыл­мыстық жаза­сын ауыр­ла­та­тын мән-жай­лар­дың жоқ екенін ескер­ді», – деді сот­тың бас­пасөз қыз­метінің өкілі.

Үкім оқы­лған кез­де сот залын­да сот­та­лушы­лар­дың адво­кат­та­ры мен қоғам­дық қорға­у­шы­ла­ры ғана бол­ды. Ақтө­бе облы­сы­ның қыл­мыстық істер жөнін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық соты­ның ғима­ра­ты­на бел­гі­лен­ген уақыт­тан екі сағат ерте кел­ген сот­та­лушы­лар­дың туы­ста­рын күшті күзет өткіз­ген жоқ. Сот залын­да қоғам­дық қорға­у­шы ретін­де енген­дер өздерін аса сабыр­лы ұста­ды. Үкім оқы­лған­да, қысты­ға жылаған­да­ры бол­ма­са, эмо­ци­я­ла­рын сыр­тқа шығармады.

Өздеріне өмір­лік түр­ме жаза­сы кесіл­генін есті­ген Бақыт Қуа­ныш­ба­ев пен Әлі­бек Ақпан­бе­тов еңкіл­деп жылап жібер­ді. Ал сот­та­лушы­лар­ды бөліп тұрған әйнек­ке сүй­еніп әрең тұрған Асхат Рах­ме­то­втың алдын­да инга­ля­тор жатты.

Тер­геу мате­ри­ал­да­ры­на қараған­да, 28 жастағы Асхат Рах­ме­то­вті Арман Айтуған оқиғаға Бура­бай­да емделіп жатқан жері­нен шақы­рған. Бала күні­нен мүге­дек, демік­пе болып ауы­ра­тын Асхат Рах­ме­тов мамыр айын­да мем­ле­кет есебі­нен шипа­жай­ға жол­да­ма алып, мау­сым­ның 4‑іне дей­ін Бура­бай­да бола­ды. Сол күні ол Арман Айтуған Ақтө­бе­ден жол­даған қар­жы­ға ұшақ билетін сатып алып, кеш­кі рей­спен Аста­на­дан ұшып шыққан.

Сот­та­лушы­лар­дың адво­кат­та­ры үкім­ге қаты­сты түсінік­те­ме бер­ген жоқ. Сот залы­на қоғам­дық қорға­у­шы ретін­де енген туы­ста­ры да жүз­дерін көле­гей­леп, сұх­бат беру­ден бас тарт­ты. Ал мем­ле­кет­тік айып­та­у­шы Рама­зан Қалы­ба­ев сот үкі­міне қанағат­та­на­ты­нын айтты.

Биыл мау­сым­ның 5‑інде Ақтө­бе­де 30 шақты адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл­дап, Ұлт­тық гвар­ди­я­ның әске­ри бөлі­мін басып алуға тыры­сқан. Шабуыл мен аты­стан, ресми мәлі­мет бой­ын­ша, 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жара­ланған. Алты күн­ге созы­лған арнайы опе­ра­ция кезін­де «діни ради­кал», «қару­лы шабуы­л­шы» деп сипатталған 18 адам­ның көзі жой­ы­лып, 20 шақты адам ұсталған еді.

Azattyq.org

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн