«Общественная позиция»
(проект «DAT» №44 (361) от 01 декабря 2016 г.
Жұлдыздардың жан сыры
Танымал продюсер Баян Есентаева Vlast.kz басылымына сұхбат беріп, күйеуінің үлгілі отағасы және әке болғанын, онымен 22 жыл бойы үлкен махаббатта өмір сүргенін тілге тиек етті. Сонымен бірге Баян күйеуін ренжіткенін алғаш рет мойындады.
«Үш ай бойы мен ештеңеге қабілетсіз халде болдым. Ауыр күйзелісті бастан кешірдім, депрессияға қарсы дәрілер іштім, психологтарға барып емделдім. Қытай, Франция – тексерістен өттім, инемен емделдім… істемеген нәрсем қалмады», – деген екен сұхбатында танымал продюсер.
«Әркез Құдайға сендім. Өйткені өмірімде ешқандай жаман іске барған емеспін. Бұған дейін де талай айтқанмын, бетіне тіке қарай алмайтындай адамым жоқ. Жұмыста да, қарым-қатынаста да адал болдым. Тұрмыста болған 22 жылда адал болдым. Оны ренжіткенге дейін. Мен оны ренжіттім – сол үшін жазамды алдым», – деді ол.
Сонымен бірге Баян Есентаева ешқашан тұрмыстық мәселелерге бас қатырып көрмегенін айтқан екен. Атышулы оқиғаға дейін отбасындағы барлық шаруамен бұрынғы күйеуінің айналысқанын тілге тиек етті.
«Жалғыз қалдым деген кезде тұрмыстық проблемаларға қатысты айттым. Бұл мен 10 маусымға дейін ешқашан айналысып көрмеген күйбің еді. Мен үй қызметшісіне қанша ақша төленетінін, еттің қанша тұратынын білмейтінмін. Өз көлігіме жанармай құйған емеспін, тіпті ұялы телефоныма ақша салып көрмегем. Ешқашан. Көліктің багы қай жақта екенін де білмедім. Тұрмыстық міндеттердің ішінде ұйымдастырушылық, әкімшілік жұмыстардың бәрі де соның мойнында болатын. Мен тек Баян Есентаева бола алатынмын. Сән салондарына барып, сүйікті жобаларыммен айналысатынмын. Баланың мектебіне қанша ақша жұмсалатынын да білген емеспін. Ол үнемі: «Баяша, сен жұмысыңды істе, қалғанын мен тындырамын», – деп айтатын. Қазір оның бәрінен айырылып қалдым. Анам жүргізуші мен күзетшіге айлық төлеу керек екенін айтады, мектептен хабарласады… Мен абдырап қалдым. Оның барлығы қанша тұрады? Өзім күйзелісте бола тұра, бұрын-соңды бастан кешірмеген шаруалармен айналысудамын. Жалғыз қалдым дегенде осыны меңзедім… Ақырындап қалыпқа түсіп келе жатырмыз», – деп, Баян басына түскен қиындықтарды сұхбатында ашық айтқан екен.
Продюсер болған оқиғадан кейін бет-әлпетінің өзгергеніне байланысты ел алдына шығудан әлі де қымсынатынын айтыпты. Сонымен бірге жан-жақтан көмек қолын созған қамқоршылардың көп болғанын тілге тиек етті.
«Есірігім ұстады. Мен өмір бойы әдемі әйел болдым. Адамдар маған әркез проблемасы жоқ әйел ретінде тамсана қарайтын. Ал енді сенің бетің қисық, көзің жұмылмайды, физикалық тұрғыдан тәнің ауырады, ал кейбір адамдар оларды ауруханада қабылдамай қойғаның үшін ренжиді… Ақша, емханаларын, жеке ұшақтарын ұсынады… Көбінесе адамдар өздерін осындай қырынан танытты. «Нұр Отаннан», министрліктерден бастап, барлық жерден хабарласты, барлығы ауруханаға келді. Үлкен алғысымды білдіремін», – деді танымал продюсер.
Есентаева болған оқиғаны қыздарының қалай қабылдағанын айтып берді: «Екеуі де ішкі мәдениеттерінің жоғары екендіктерін, төзімді екендерін көрсетті. Біреуі де «мама – сен жамансың, папа – сен жамансың» деп айтқан жоқ. Екеуі де: «Ол біздің әкеміз, ол біздің анамыз, біз сендерді жақсы көреміз, сендер қателестіңдер», – деді».