Суббота , 5 июля 2025

АҚТӨБЕДЕ ТАҒЫ ДА АЛАПАТ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (362) от 08 декаб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

 

Ақтө­бе­де­гі «арнайы опе­ра­ция» мұнай ұрлы­ғы­на күдік­тілер­ді ұстау мақ­са­тын­да жүр­гізіл­ген, дей­ді билік. Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті «қыл­мыс­кер­лер­ді қорға­уы­на алған әлдебір ради­кал­дар» тура­лы мәлімдеді.

 

Қаза­қстан Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті жел­тоқ­сан­ның 7‑і күні коми­тет қыз­мет­кер­лері мен Кор­руп­ци­яға қар­сы іс-қимыл ұлт­тық бюро­сы және Ішкі істер мини­стр­лі­гі бір­лесіп, Ақтө­бе және елдің кей­бір аймағын­да «мұнай өнім­дерін жымқы­ру­мен айна­лы­сқан» деген күдік­ке ілін­ген қыл­мыстық топ­тар­дың жолын кесу опе­ра­ци­я­сын жүр­гіз­гені тура­лы хабар­ла­ды. Арнайы қыз­мет күдік­тілер­ді қолға түсір­генін мәлім­де­гені­мен, нақты қан­ша адам ұсталға­ны, олар­дың кім екені және қан­дай көлем­де мұнай және мұнай өнім­дері қолға түс­кені жай­лы толым­ды ақпа­рат бермеді.

ҰҚК-нің ресми ақпа­ра­тын­да «мұнай ұрла­у­мен айна­лы­сқан­дар­ды қорға­штаған ради­кал­ды сала­физм ұста­на­тын қыл­мыстық топ­тың бір­не­ше мүше­сі ұсталға­ны» тура­лы да айты­лған. «Мұнай ұрлаған­дарға «қыл­мыстық» қорған болған ради­кал­дық сала­физмді жақтай­тын­дар­дан құралған қыл­мыстық топ­тың бір­не­ше мүше­сі тұтқын­дал­ды» делін­ген ҰҚК хабар­ла­ма­сын­да. Ұсталған­дар­дың қан­ша адам екені айтылмайды.

Ақтө­бе­де­гі «арнайы опе­ра­ция» жай­лы ақпа­рат жер­гілік­ті уақыт бой­ын­ша сәр­сен­бі күні түс кезін­де интер­нет­те жари­я­лан­ды. Хабар­ла­ма­да Ақтө­бе қала­сы шетін­де­гі 41-разъ­ез­де орна­ласқан Ақтө­бе мұнай өңдеу зауы­ты аумағын қару­лы жасақ қор­ша­уға алға­ны айты­лған. «Азаттық» тіл­шісі зауыт орна­ласқан жер­ге жет­кен­де, қару­лы жасақтың кәсі­по­рын тер­ри­то­ри­я­сы­на ешкім­ді өткіз­бей және сыр­тқа шығар­май күзетіп тұрға­нын көрді.

Ақтө­бе мұнай өңдеу зауы­ты маңын­да жиналған мұнай тиеген КАМАЗ мар­ка­лы жүк көлік­терінің бірінің жүр­гі­зу­шісі, өзін Айдос Ива­нов­пын деп таны­сты­рған адам «Азаттық» тіл­шісіне Бай­ға­нин ауда­ны­нан боран­да екі тәулік жүріп, бүгін зауы­тқа мұнай алып кел­генін, таңер­тең­нен бері зауы­тқа кіре алмай тұрға­нын айтты.

«Азаттық» тіл­шісіне ҰҚК облы­стық депар­та­мен­ті мен қала­лық ішкі істер басқар­ма­сын­дағы­лар бұл оқиға жай­лы ком­мен­та­рий бермеді.

Сәр­сен­бі күні түс кезін­де әле­умет­тік желілер­де тараған видео­ро­лик­тер­де Ақтө­бе мұнай өңдеу зауы­ты деп аталған кәсі­по­ры­нға кел­ген бір­не­ше жүк көлі­гі­нен түс­кен арнайы киі­мі бар қару­лы адам­дар­дың кәсі­по­рын кең­сесіне жүгіріп кіріп, сырт­та қалға­ны кәсі­по­рын маңын қор­ша­уға алға­ны бей­не­лен­ген. Бір­не­ше сағат­тан соң ҰҚК мұнай ұрлы­ғы­на қаты­сы бар деген күдік­ке ілік­кен­дер­дің ұсталға­ны, олар­дың тұрғы­лы­қты жері мен бірқа­тар кәсі­по­рын­дар­да тін­ту шара­ла­ры жүр­гізіліп жатқа­ны тура­лы хабар­ла­ды. ҰҚК «арнайы опе­ра­ция» өткіз­ген «Ақтө­бе мұнай өңдеу зауы­ты» ком­па­ни­я­сы­ның ресми сай­тын­да кәсі­по­рын­ның 2011 жыл­дан жұмыс істей­тіні жазылған.

Еске сала кетей­ік, Ақтө­бе­де мау­сым айын­да қару­лы шабуыл­дар сал­да­ры­нан жеті адам қаза тапқан. Билік тер­акт деп атаған оқиға­лар­дан кей­ін оған қаты­сы бар­лар­ды ұстау бары­сын­да аса күдік­ті оққа ұшқан. Қару­лы шабуыл­дарға қаты­сы бар деп айып­талған жеті ада­мға өткен айда Ақтө­бе соты өмір­лік түр­ме жаза­сын кес­кен. Тағы екі адам ұзақ мерзім­ге бас бостан­ды­ғы­нан айырылған.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн