«ФЕЙСБУКТІ» АУЫЗДЫҚТАУМЕН ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІ ӨЗГЕРМЕЙДІ

Сенген қойым сен болсаң…

 


 

 

«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен мәжілістегі үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеуxан «Фейсбук» желісінің Қазақстанда саяси аренаға айналып кеткеніне қынжылыс білдірді, – деп жазады Baq.kz.

 

«Баяғыда мінбеге шығып, сөз алу үшін, ақпарат тарату үшін дәлелденген еңбегің, қоғамда пікір айтатын беделің болуы керек еді. Баяғыда ең болмаса пікір айту үшін 100 қойдан 101 қозы алуың керек болатын. Ал қазір ерінбеген – етікші, ұялмаған – әнші болатын заман туды. Шексіз майдан басталып кетті. Тізесіне ноутбугын қойып, ойына келгенін жаза береді. Еліне құрметі қалған жоқ. Мұның бәрі, біріншіден, мәдениеттің жоқтығынан. Тектіліктің болмауынан деп ойлаймын. Мысалы, «Фейсбук» АҚШ-та отбасымен балық аулауға барғандары секілді демалыстарының суретін салатын әлеуметтік желі болып саналады. Ал бізде, Қазақстан қоғамында бұл саяси аренаға айналып отыр. Осыны ауыздықтау үшін не істеу керек деген мәселе Ақпарат министрлігінің алдында тұр», – дейді депутат Бекболат Тілеухан мырза.

baq.kz

 

 

 

 

Comments

 

АБЗАЛ:

Бекболаттың ұсынысына қатысты айтылып жатқан көптеген ызалы, ашулы пікірлердің бәрі де орынды. Бекболаттың бетпердесі сыпырылды. Шын бетбейнесі анық болды. Өте нашар екен.

 

ГҮЛНАР:

Түрлі пікірлер айтылады, талас-тартыстар болады. Кейде басты нысана биліктегілер болып тұрады. Сол жағы ұнамай қалған шығар. Тек бір нәрсе анық – ФБ жабылса, халықтың билікке пікірі өзгере коймайды. «Фейсбукты» жапқанмен, нәтиже болмайды.

 

 

Казыбек ИСА:

1. «Фейсбук» АҚШ-та да саясат алаңы екенін кешегі президент сайлауындағы Трамптың жеңісінен-ақ байқауға болады. Ал бүгін ғана телеарналарда АҚШ-та сол Трампқа қарсы 120 мың әйел шеруге шығатындарын «Фейсбук» арқылы мәлімдеп, келісім жасап отырғанын көрсетті. Сонда АҚШ-тағы бұл президент жеңісі мен президентке қарсы әйелдер қарсылығын көрсетіп отырған «Фейсбуктан» мен ешқандай «балық аулауды» көріп отырған жоқпын…. Олардан тек «балық аулауды» көру үшін, қандай көзбен қарауды білмедім…

 

2. Қазақ өзінің әлеуметтік-саяси пікірін «Фейсбукта» айтпаса, қай жерде айтады? Себебі ондай ашық әлеуметтік-саяси пікірлер Бекболат отырған, халық талабының ордасы болуы тиіс парламентте айтыла қоймайды. Сонан соң, ФБ тек қоғамдық-саяси алаң ғана емес, қаншама әдеби-мәдени әлемнің алаңына да айналып отыр. Қаншама жаңа шығармаларды ең алдымен ФБ-дан оқып жүрміз, күнделікті маңызды жаңалықтарды, керек кеңестерді айтпағанда…

 

3. Билік әлеуметтің іштегі шерін шығаруына жақсы алаң жасап бергені үшін «Фейсбукқа», Марк Цукерберг мырзаға қайта-қайта рахмет айтуы керек, құрығанда алғыс хат жіберіп… Әйтпесе ішіне шер толған халық шеруге, көшеге шығып кетер еді…

 

4. «Нұр Отан» партиясы атынан «халық қалаулысы» бола отырып, халықтан – халықтың демократиялық пікір алаңын қызғану қалай болар екен? Бұған аталмыш партия не деп жауап береді? Парламентте отырып, АҚШ-та да «Фейсбук» саясат алаңы екенін білмеуді қалай түсінеміз? Ал мұны кез келген қатардағы ФБ қолданушысы біледі және осы әлеуметтік желіде Бекболат мырзаға ежелеп айтып, шегелеп жазып жатыр. Міне, «Фейсбуктың» артықшылығы!

qazaquni.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн