Воскресенье , 6 июля 2025

ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕГЕНӘЙЕЛ ҚАЗА БОЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №46 (363) от 15 декаб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

 

ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның тек­серіп-өткі­зу пунк­тін­де өзін-өзі өртеп жібер­ген әйел­дің қаза болға­ны жай­лы ақпа­рат­ты ден­са­улық сақтау басқар­ма­сы растады.

Еске сал­сақ, 6 жел­тоқ­сан­да ұлы­на шыға­ры­лған үкім­мен келіс­пе­ген әйел ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның тек­серіп өткі­зу бөл­месін­де (ТӨБ) өзін-өзі жағып жібер­ді. Дәрі­гер­лер­дің ақпа­рын­ша, оның денесінің 60% күй­ген. Алдын ала мәлі­мет­тер бой­ын­ша аны­қталған­дай, Май­ра Рысма­но­ва осы­лай­ша ұлы – 1988 жылы туы­лған Е. Ахме­то­втың сот­талға­ны­мен келіс­пей­тінін білдірген.

«Аталған мәсе­ле бой­ын­ша М.Е. Рысма­но­ва­ның шағы­мы Бас про­ку­ра­ту­раға 2016 жылы 28 қара­ша­да келіп түс­кен. Оның кел­тір­ген уәж­дерін тек­се­ру үшін Бас про­ку­ра­ту­ра сот­тан оның ұлы­на қаты­сты қыл­мыстық іс құжат­та­рын сұра­с­тыр­ды», – делін­ген ақпа­рат­тық баянда.

ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның мәлі­мет­терін­ше, Шу аудан­дық соты­ның үкі­мі­мен 2015 жылы 15 мау­сым­да Е. Ахме­тов ҚР ҚК 296‑б. (3,5 гр геро­ин мен 285 гр гашишты заң­сыз сақтаға­ны үшін) 4,5 жылға қатаң тәр­тіп­те­гі түзе­ту коло­ни­я­сы­на сот­тал­ды. Ол үкім­ге қар­сы шағым бер­ген, бірақ Жам­был облы­стық соты­ның апел­ля­ци­я­лық саты­сы 2015 жылы 20 тамы­зда ол шағым­ды қанағат­тан­дыр­май тастады.

ҚР бас про­ку­ро­ры Жақып Аса­нов кеше Аста­на­да Май­ра Рысма­но­ва­ның сіңлісі Дания Рысма­но­ва­ны қабыл­да­ды деп хабар­лай­ды «Азаттық» тіл­шісі. Бас про­ку­ра­ту­ра­ның ресми өкілі Нұр­діл­дә Ораз­дың айтуын­ша, өзін-өзі өрте­у­ге себеп болған Рысма­но­ва­ның ұлы Ербол Ахме­то­втың ісін қай­та қара­мас бұрын Шу қала­сы поли­ци­я­сы­ның жедел уәкілі Ерлан Жиде­шев­ке бай­ла­ны­сты апел­ля­ци­я­лық сот шеші­мін күту керек.

Біраз­дан соң сырт­та күтіп тұрған жур­на­ли­стер­ге Бас про­ку­ра­ту­ра өкіл­дері шықты. Про­ку­ра­ту­ра­ның 10-депар­та­мен­тінің про­ку­ро­ры Ержан Ера­ли­ев­тің айтуын­ша, Май­ра Рысма­но­ва­ның тала­бы – ұлы Ербол Ахме­то­втың ісін қай­та қарау тура­лы ғана емес, ұлын ұстаған поли­ция қыз­мет­кері Ерлан Жиде­шев­ке «күш қол­да­ну» айы­бы бой­ын­ша шара қол­да­ну тура­лы да болған.

Ержан Ера­ли­ев про­ку­рор­лар Ахме­то­втің ісін қарап бітіп, сот үкі­мін қай­та қарау тура­лы қар­сы­лық жоба­сын дай­ын­даға­нын, енді оған бас­шы­лы­қтың келісі­мін күтіп оты­рға­нын айтты.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн