Вторник , 26 августа 2025

БҰЛ МЕДАЛЬ кімге – не үшін БЕРІЛДІ ЕКЕН?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №46 (363) от 15 декаб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

 

 

Мына медаль­ді меке­ме бас­шы­ла­ры мен депу­тат­тар және «нұро­тан­ды­қтар» алу­да екен. Негізі, осы медаль мен жоға­ры мара­патқа тек ЖЕЛТОҚСАН батыр­ла­ры мен қоғам қай­рат­кер­лері лай­ық болуы керек еді.

Өте өкіні­шті!!!

Құр­мет­ті пре­зи­дент мыр­за, шене­унік­тер мен депу­тат­тар мына медаль­ға қан­дай істері­мен лай­ы­қты бол­ды екен? 25 жыл­да елі­мізді бат­паққа тығып, халы­қты тонаға­ны үшін бе?! Әлде халы­қты басы­нып, әділет­сіз қоғам орнатқа­ны үшін бе, әлде аса жемқор­лы­қта­ры үшін бе?! Әлде тама­ша жағым­паз­ды­қта­ры үшін бе?!

Ардақ ӘШІМОВА

 

Пікір­лер ФБ-желісі­нен алынды

 

 

Құт­ты­қтай­мыз!

 

ТӨРАҒАСЫ ТҮРМЕДЕ ОТЫРҒАН ОДАҚТЫҢ мара­па­ты жария болды

 

Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гінің 25 жыл­ды­ғы­ның құр­метіне Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы бір топ жур­на­ли­стер мен қоғам қай­рат­кер­лерін марапаттады.

 

«Ұлт­тық бас­пасөз клу­бы­ның вице-пре­зи­ден­ті Алек­сандр Кима­сов (марқұм), тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер Сер­гей Дува­нов пен Гүл­жан Ерға­ли­е­ва, құқық қорға­у­шы Евге­ний Жовтис, «Жас Алаш» газетінің бас редак­то­ры Рыс­бек Сәр­сен­ба­ев, «ДАТ» меди­ажо­ба­сы­ның жетек­шісі Ермұрат Бапи, ресей­лік эко­но­мист Миха­ил Хазин Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның «Алтын медалі­мен» мара­пат­тал­ды», – деп хабар­ла­ды кеше кеш­кісін ҚазТАГ.

Сон­дай-ақ ҚР Жур­на­ли­стер одағы 60 жасқа толуы­на бай­ла­ны­сты Ибра­гим Жүсі­пқа­ли­ев­ке (Орал) «Құр­мет­ті жур­на­лист» атағын берді.

Соны­мен қатар Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның Құр­мет гра­мо­та­ла­ры­мен жур­на­ли­сти­ка­дағы аза­мат­тық бел­сен­ді ұста­ны­мы үшін Мәди­на Әлім­ха­но­ва, өзек­ті қоғам­дық-сая­си тақы­рып­тар­дағы және эко­но­ми­ка­лық тақы­рып­тағы бейне-сұх­бат­та­ры үшін Лилия Игілі­ко­ва (ZONA.KZ меди­ажо­ба­сы), өзек­ті тақы­рып­тағы пуб­ли­сти­ка­лық мате­ри­ал­дар топ­та­ма­сы үшін (Қаза­қстан­дағы блог сала­сын дамы­ту­дағы қосқан үлесі үшін) Бота­гөз Көп­ба­е­ва, Қаза­қстан­дағы интер­нет-жур­на­ли­сти­ка­ны дамы­ту­дағы нова­тор­лық тұрғы­дан кел­гені үшін the-steppe.com меди­ажо­ба­сы, қазақ тілін үйре­ну және дамы­ту­дағы қосқан үлесі үшін «Оры­STAR» интер­нет-жоба­сы марапатталды.

Еске сала кетей­ік, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­ітқа­зы Мата­ев нақақ айып­пен 6 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған еді. Бірақ өткен қара­ша айын­да ҚР Жур­на­ли­стер одағы­ның Басқар­ма оты­ры­сы өз төраға­ла­ры­на сенім біл­діріп, бұл қыл­мыстық істің нәти­же­сі Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның Адам құқы­қта­ры коми­тетін­де қаралғанға дей­ін, оны одақ төраға­лы­ғын­да қал­ды­ру жөнін­де шешім шығарған бола­тын. Соны­мен, төраға­сы түр­ме­де отыр­са да, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы өз қыз­метін жалға­сты­ру үстінде.

«

 

 

АнекDАТ

 

Неміс, фран­цуз, қазақ үше­уі әңгі­ме­лесіп отыр екен. Неміс:

– Біздің елде меди­ци­на­ның дамы­ға­ны сон­дай, жақын­да бір адам­ның екі аяғын трам­вай басып, қырқып кет­ті. Соны біздің врач­тар орны­на қай­та тігіп бер­ді. Кей­ін сол адам жүгіру­ден чем­пи­он бол­ды, – дейді.

Фран­цуз:

– Жақын­да біз­де де екі өкпе­сі жара­май қалған біре­удің өкпе­сін ауы­сты­рып беріп, кей­ін сол кісі су астын­да жүзу­ден чем­пи­он бол­ды, – деп бөсіпті.

Қазақ не айт­сам екен деп, ұзақ ойла­нып отырып:

– Жақын­да біздің аудан­да бір қой­шы­ны қасқыр жеп кетіп­ті. Тек көтені мен екі құлағын ғана қал­ды­рып­ты… – дей­ді. Неміс пен фран­цуз еке­уінің көзі бәңкі болып:

– Содан… – дей­ді тағатсызданып.

– Содан не болу­шы еді? Біздің быра­штар қос құлағын көтеніне тігіп бер­ді. Сол адам қазір біздің аудан­да әкім боп жүр… – депті.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн