Воскресенье , 6 июля 2025

ЖЕЛТОҚСАНДЫ ЖАЗАЛАҒАН 4132 АДАМҒА АРНАЛҒАН ҮНДЕУ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №46 (363) от 15 декаб­ря 2016 г.

 

Үндеу

 


 

Жел­тоқ­сан көтерілісінің көз жасы­мен орден алған жен­дет­тер кімдер?

 

Жел­тоқ­сан көтерілісінің 30 жыл­ды­ғы қар­саңын­да бей­біт шеру­ге шыққан қазақ жаста­рын аса қатыг­ездік­пен жаза­лаған, ұрып-соққан, жұмыстан, оқу­дан шығарған, жасан­ды сотқа тар­тып, әділет­сіз жаза­лар бер­ген адам­дар­дың Халық пен Ұлт­тың алдын­да кешірім сұрап, күнә­дан ары­лу қажет­ті­гін естеріне сала­мын. Сен­дер 30 жыл бойы үнде­мей кел­дің­дер; мүм­кін, біре­улерің «заман солай еді» деп, іштей ақта­ла­тын да шығар­сы­ң­дар, ал енді біре­улерің «біз бас­шы­мы­здың айтқа­нын істе­дік қой» деп, сүт­тен – ақ, судан – таза болғы­ла­рың келер. Мен үнде­ме­ген­дер­ден қорқамын.

Мен сол сөз­дер­дің келе­шек­те қай­та айты­луы­нан қорқа­мын… Нюрн­берг сотын­да да фаши­стік жен­дет­тер бар­лы­ғын Гит­лер­ге жауып, «біз бұй­ры­қты орын­да­у­шы­лар ғана­мыз» деп құты­лғы­сы кел­ді. Естерің­де бол­сын, әділет­сіз бұй­ры­қты орын­да­у­шы­лар да сол бұй­ры­қты бер­ген жан­дар­мен бір­дей жау­ап береді. Егер Сен­дер сол уақыт­тағы жасаған іс-әре­кет­теріңе өздерің баға беріп, ар-ұят­та­ры­ң­ның алдын­да жау­ап бер­ме­сең­дер, қоғам­дағы ашу-ыза мен билік­ке деген сенім­сіздік ыдырамайды.

Сен­дер­дің ары­лу­ла­ры­ң­ның алға­шқы қада­мы – сол уақыт­тағы алған мара­пат­та­ры­ң­ды қай­тып тап­сы­ру акци­я­сы бол­сын. Осы күн­ге дей­ін Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сқан аза­мат­тар­ды жаза­лаған, сол үшін мем­ле­кет­тік мара­пат алған­дар­дың ресми саны – 4169 адам.

 

Олар мына­лар:

«Крас­ная Звез­да» ордені­мен мара­пат­талған­дар – 5;

«За тру­до­вую доб­лесть» медалі­мен марат­талған­дар – 6:

«За тру­до­вое отли­чие» медалі­мен мара­пат­талған­дар – 5;

«За отлич­ную служ­бу по охране обще­ствен­но­го поряд­ка» медалі­мен мара­пат­талған­дар – 160;

Жоғарғы Кеңе­стің Құр­мет гра­мо­та­сы­мен мара­пат­талған­дар – 30;

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің гра­мо­та­сы­мен мара­пат­талған­дар – 113;

«Заслу­же­ный работ­ник МВД» бел­гісі­мен мара­пат­талған­дар – 23;

Мерзі­мен бұрын шен­дері өсіріл­ген­дер – 24;

«За отлич­ную служ­бу в МВД» бел­гісі­мен мара­пат­талған­дар – 217;

СССР-дің Ішкі істер мини­стр­лі­гінің Құр­мет гра­мо­та­сы­мен мара­пат­талған­дар – 45;

Қазақ ССР-інің Ішкі істер мини­стр­лі­гінің Құр­мет гра­мо­та­сы­мен мара­пат­талған­дар – 335;

Ақша­лай сый­лы­қ­пен (СССР Ішкі істер мини­стр­лі­гінің бұй­ры­ғы­мен) – 53;

Ақша­лай сый­лық (Қазақ ССР Ішкі істер мини­стр­лі­гінің бұй­ры­ғы­мен) – 561;

«Отлич­ник мили­ции» бел­гісі­мен мара­пат­талған­дар – 424;

Бұры­нғы жаза­ла­ры­нан алы­нып тасталған­дар – 13;

СССР Ішкі істер мини­стр­лі­гі бұй­ры­ғы­мен мадақталған­дар – 145;

Қаз ССР Ішкі істер мини­стр­лі­гінің бұй­ры­ғы­мен мадақталған­дар – 2005.

Олар­дың ішін­де мара­пат­та­рын қай­тып бер­ген­дер­дің саны – 37 ғана…

«Крас­ная Звез­да» ордені – 1;

«За тру­до­вую доб­лесть» медалі – 1;

«За отлич­ную служ­бу по охране обще­ствен­но­го поряд­ка» медалі – 23;

Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің Құр­мет гра­мо­та­сы – 2;

Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің гра­мо­та­сы – 10.

(Бұл деректер «Жел­тоқ­сан-86» құжат­тар жинағы­ның 10-томы­нан алынды).

Бұл Үндеу Сен­дер­ді масқа­ра­лау үшін неме­се жау­а­пқа тар­тып, кек алу үшін жазы­лып оты­рған жоқ. Ары­лу – осын­дай әділет­сіздік­тің бола­шақта қай­та­лан­ба­уы­ның бір­ден-бір кепілі.

Дос КӨШІМ,

Abai.kz

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн