Воскресенье , 20 апреля 2025

ӘКІМГЕ халықтық қызметі ӘБҮЙІР

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №47 (364) от 22 декабря 2016 г.

 

Рейтинг реті

 


 

• «Әкім бол – халқыңа жақын бол» деген халықтық қағиданың қалпымен «ДАТ» жобасы өз оқырмандары мен қоғамға танымал саясаткерлер арасында сауалнама жүргізіп, облыс әкімдерінің бестігін түзген еді. Әрине, бұл сауалнама субъективті пікірлер нәтижесімен жүргізілсе де, әр сала бойынша қызметі, шынымен де, халыққа қарайлас әкімдердің рейтингі төменгідей ретпен тізілді.

 

1. Амандық БАТАЛОВ

Сауалнама нәтижесі бойынша «ДАТ»-тың рейтингін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бастады. Сауалнамаға қатысушылар жетісулық облыстың биылғы жылғы өндірістік-экономикалық жетістіктерін былай қойғанда, қызылша өндірісін қалпына келтіруге күш салған әкімнің жеке еңбегін атады. Биылғы жылдың өнімі әлдеқашан жиналып алынса да, Талдықорғандағы қант зауыттары алдында қызылша өткізуге келген жүк көліктерінің ұзақ-сонар кезегін көруге болады. Бұл – агросалада жаңа жұмыс орындарын ашуға ұйтқы болған негізгі фактор болды дейді респонденттер.

Сонымен бірге Амандық Баталовтың әйгілі апорт алмасын «тірілту», алма ағаштары алқабын кеңейту бағытында бастаған жұмысы облыс агрошаруашылығына жаңа екпін берді. Бұл салаға 20-ға жуық агрофирмалар тартылып, облыс бюджеті есебінен алғашқы миллиардтар бөліне бастады.

Талдықорған қаласын, облыс орталығы арқылы ағатын өзендердің жағалауын абаттандыру нәтижесі бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың ризашылық танытуы – облыс әкімінің жұмысына берілген баға болса керек.

Облыста арендалық және ипотекалық тұрғын үй құрылысының көлемі биылғы жылы екі есеге жуық артты. Соның нәтижесінде облыс әкімінің бастамасымен кембағыл адамдарға, әл-ауқаты төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге пәтерлер бөлінді.

«Биылғы жылы өткен республикалық жиындарда Амандық Баталовтың есімін ел президенті бірнеше рет ерекше атады, осының өзі облыс әкімінің қызметіне мемлекеттік тұрғыда баға берудің сипаты болды», – дейді сауалнамаға жауап берген респонденттердің бірі.

 

2. Қырымбек КӨШЕРБАЕВ

Бұл рейтингте екінші орын алған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өз активіне жазуға толық қақысы бар жұмысы – аймақты энергия қуатымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін екі бірдей газ-трубина стансасының құрылысы. Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссиясы шеңберінде қолдау тапқан бұл құрылыстың ұйымдастыру жұмыстары толық қарқынмен басталды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласында он екі көппәтерлі үйден тұратын тұтас бір ықшамауданның пайдалануға берілуі – облыс әкімінің жіті бақылауымен жүзеге асқан іс болғаны анық. Сонымен бірге аймақ елді мекендерінің 100 пайызға жуық ауызсумен қамтамасыз етілуі де респонденттер есебіндегі басты көрсеткіштердің бірі болды.

Облыс басшысының ұйымдастыруымен өткен аймақтық инвестициялық форум жаңа өндіріс орындарын ашуға ұйтқы болды. Қырымбек Көшербаевтың табандылығымен «Тенгизшевройл» компаниясы кен орындарын игеруге жергілікті сервистік кәсіпорындарын мердігерлік жұмыстар көлеміне тарта бастады. Соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік туды.

 

3. Бердібек САПАРБАЕВ

Қазақстандағы басқа да рейтингтік агенттіктер жүргізетін сауалнамаларда алғашқы «үштіктен» түспейтін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қызметін аймақтағы шағын және орта бизнеске бөлінетін қамқорлық анықтайды. Облыс бюджетіндегі ШОБ-тің үлес салмағын арттыру өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашу көрсеткіші бола алады. Облыс бизнесмендерінің тың идеяларын қолдау, жаңа технологияларға негізделген өндіріс орындарын қаржыландыруға жәрдем жасау – облыс әкімінің басты назарындағы міндет дейді респонденттер.

 

4. Алик АЙДАРБАЕВ

Респонденттердің пікірі бойынша, Алик Айдарбаевтың қызметіндегі басты көрсеткіштердің бірі – Маңғыстау облысындағы өндіруші кәсіпорындардағы әлеуметтік-тұрмыстық ахуалға жіті көңіл бөлу. Соған қарамастан, аймақтағы мұнай өндіруші компаниялар арасында еңбек ереуілдері жиілеп кетсе де, биылғы жылы мұнайшы-жұмысшылардың бірлі-екілі наразылық акциясын жергілікті мүмкіндіктермен, республикалық ведомстволардың араласуынсыз шеше білді.

 

5. Бауыржан БАЙБЕК

Оңтүстік астананың әкімі қала шаруашылығын ұйымдастыру мәселесіндегі тәжірибесінің аздығына қарамастан, Алматыдағы тұрғын үй-коммуналдық проблемаларды рет-ретімен шешу үстінде. Миллиондық мегаполистің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы кемістігін ретке келтіру бір жылдың ғана міндеті болмаса керек. Егер Бауыржан Байбектің жеке жетекшілігімен қабылданған Алматыны абаттандыру бағдарламасы таяудағы үш жылдың ішінде шешімін табатын болса, бұл жетістік жас қайраткердің болашақ өрісіне даңғыл жол салары айдан анық.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн