«Общественная позиция»
(проект «DAT» №1 (365) от 12 января 2017 г.
Апта аптығы
Боратстан
Асылхан Мамашұлы:
– Президенттің мәдениет саласындағы стипендиясы тұрмысы төмен мәдениет өкілдеріне мемлекет тарапынан көмек көрсетудің бір жолы ретінде белгіленген еді әу баста. Әлеуметтік жәрдем болған соң да, стипендияға конкурс жарияланбаған. Кейіннен интеллигенцияның көңілін аулауға арналған құралға айналып тынды-ау! Әйтпесе биылғы тізімде жүрген Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Әбілфайыз Ыдырысов, Төлен Әбдік, Шота Уәлиханов, Ескендір Хасанғалиев, Есмұқан Обаев сияқты шен-шекпенін уақытылы алып, дәулетін жиып үлгерген шал-шауқандарға стипендия не керек? Осылардың Ерлан Рысқали, Ерлан Жүніс, Алмас Темірбайлармен жағаласып, мемлекеттен стипендия алатын реті бар ма? Әлде әлеуметтік көмекке мұқтаж таланттар аз ба?
Азамат Хайсин:
– Бүгін дәріханаға барсам, бағаны шарықтатып жіберіпті. «Бұларың қалай? Зейнетақы әлі қолға тиген жоқ қой?!» – десем, сатушы: «Бағаны біз қоймаймыз, дәріхана иесі қояды», – дейді.
Елдер зейнетақы көбейетін болды деп мәз болып жүр… Зейнетақыны халыққа жаны ашығаннан көтермейді. Керісінше, қымбатшылықпен халықтың еңсесін басу үшін көтереді. Зейнетақы мен жәрдемақы көтерілсе, баға да көтеріледі… Қитұрқы саясат қой.
Мұсабек Досанов:
– Қазақта «көк қарға к…не қарамай әулиеге қоныпты» деген бар. Біздің билік қырғыз еліне 100 млн доллар көмек, Сирияға 500 тонна азық-түлік беріпті. Қайырымдылық жасау абыройлы іс, бірақ айлығы ішіп-жеуіне жетпей жүрген білім және денсаулық саласы қызметкерлерін, баспанасыз тентіреп жүрген отбасыларды ойлайтын билікте пенде бар ма екен? Әлде ақыры талан-таражға түсіп жатқан дүние ғой дей ме екен?!
• (Пікірлер «Фейсбук» желісінен алынды)