Суббота , 5 июля 2025

МҰҚАҒАЛИ АҚЫН кімнің шашынан иіскеді?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

Бір әннің тарихы

 


 

Бүгін­де таны­мал әнші Еркін Нұр­жа­нов жиі орын­дап жүр­ген әннің шығу тарихы мен кім­ге арналға­ны бел­гілі бол­ды, деп жаза­ды Stan.kz пор­та­лы. Әннің сөзін ақиық ақын Мұқаға­ли Мақа­та­ев 70-жыл­дар­дың орта­сын­да жазған. Ал өлеңнің кім­ге арналға­нын және шығу тарихын Күл­сін­бүбі Қыбы­ра­е­ва Caravan.kz тіл­шісіне өзі айтып берді.

 

1974 жылы жаз айы бола­тын. Ол кез­де мен 24 жаста­мын. Жол­да­сым және Қазақ радио­сы­ның дик­то­ры Бақыт­жан Ата­гел­ди­ев үше­уі­міз көше­де келе жатқан­быз. Жол­да Мұқаға­ли аға­мы­з­бен қара­ма-қар­сы жолы­ғып қал­дық. Ол кісінің бір қаси­еті – біздің жақтың адам­да­рын бір­ден тани­тын. Олар аман­да­сып, жақын жер­де фойе бар екен, сон­да барып отыр­ды. Мен ер адам­дарға ара­лас­пай­ын деп, бір тал­дың көлең­кесін­де тұр­дым. Мұқаң бір-екі рет арты­на қарап қой­ып оты­рған. Бір кез­де маған қара­ды да: «Анау менің жерім­нің қызы, менің елім­нің топы­рағы­ның иісі шығып тұр ғой, неғып тұр ана жер­де, шақы­ры­ң­дар?!» – деді.

Содан қаста­ры­на келіп отыр­дым. Ол кісі қарап оты­рып, бір-екі сұрақ қойды.

– Қай оқу­ды бітір­дің? – деді.

– Шет тіл­дер инсти­ту­тын бітір­дім, – дедім.

– О‑о, Шет тіл­дер инсти­ту­тын бітір­сең, неге шашы­ң­ды қима­дың, неге боян­ба­дың? – деді. Ол кез­де қала­да қан­ша жыл оқы­сам да, шашым­ды қимай, қос бұрым етіп өріп қоя­ты­н­мын. Содан қарап отыр­ды да, бір кез­де өзіне қарай тар­тып, маң­дай­ым­нан сүй­іп, шашым­нан сипа­ды да, өлең оқыды:

Иек артқан теңіз­ге мүйістейін,

Кел­ші, қарғам, шашы­ң­нан иіскейін?

Иіс­кей­ін тек қана, тиіспейін,

Кел­ші, қарғам, шашы­ң­нан иіскейін?

Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған!

Қос бұрым-ай жотан­да бұлғақтаған!

Қарғам, сен­де жерім­нің иісі бар-ау,

Жер иісі жұпар­дан қым­бат маған!

Төрт шумақ. Оқып бітіп: «Осы өлеңді мен саған арна­дым, қалқам», – деді.

Бір-екі айдан соң, «Ленин­шіл жас» газетін­де болуы керек, Мұқаң­ның өлең­дер топ­та­ма­сы жарық көр­ді. Күй­е­уім алып жүгіріп келіп­ті. «Мынаған қара, саған арнаған өлең шығып­ты!» – деді. Расын­да да, сол газет­ке жари­я­ланған өлең­дер­дің ішін­де жүр екен.

 

Өлеңді алғаш рет ән ретін­де Рама­зан Стамғази­ев дом­бы­ра­мен орын­да­ды. Кей­ін Еркін Нұржа­нов эст­ра­даға алып кел­ді. Ал әнге арқау болған Күлсінбүбі
Қыбы­ра­е­ва (сурет­те) қазір Алма­ты қала­сын­да тұрады. Бала­лы-шағалы. Сан жыл­дар Әл-Фара­би атын­дағы дарын­ды бала­ларға арналған гим­на­зи­яда маман­дығы бой­ын­ша ұста­здық еткен. Бүгін­де
құрметті зей­нет­ке шыққан.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн