Суббота , 5 июля 2025

ЖАДО МЕН МЕРУЕРТ НЕГЕ СОТТАСАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Өнер­де­гі «өрнек­тер»

 


 

 

Дизай­нер Жадо «қор­ла­ды және жала жап­ты» деп, әнші Меру­ерт Түсі­п­ба­е­ва­ны сотқа бер­ді, сон­дай-ақ ол мораль­дық шығын ретін­де 20 мил­ли­он тең­ге талап етіп отыр. Бұл тура­лы Tengrinews.kz тіл­шісіне Алма­ты қала­лық соты­ның ақпа­рат­пен қам­ту бөлі­мінің жетек­шісі Диас Махам­бе­тов хабарлады.

 

«Жеке айып­та­у­шы Жады­ра Сай­хи­ева сот­тан Меру­ерт Түсі­п­ба­е­ва­ны қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту­ды сұра­ды, ол Түсі­п­ба­е­ва «жала жап­ты және қор­ла­ды» деп есеп­тей­ді, сон­дай-ақ одан аза­мат­тық шағым тәр­тібін­де 20 мил­ли­он тең­ге мораль­дық шығын өндіріп алғы­сы келеді», – деп хабар­ла­ды Диас Махамбетов.

Махам­бе­то­втың айтуын­ша, ары­зда­нуға әле­умет­тік желі­де­гі жаз­ба себеп болған. Сөйт­сек, Түсі­п­ба­е­ва Жадо­ның «Аста­на» теле­ар­на­сын­дағы «Ел аузын­да» бағ­дар­ла­ма­сын­дағы сөзіне жау­ап ретін­де «ар-намысы­на тиетін сөз­дер» жазған екен.

«Ал… тюр­бан деген­дi, ете­гi бар киiм­мен кию керек, Жадо! Джин­сы­мен емес, клет­ка кой­лек­ке мынау ала ора­мал сай­кес кел­мей­дi! Моз­ги ино­гда надо все-таки вкл! Пони­маю, с 10 класс­ным обра­зо­ва­ни­ем, дале­ко не уедешь, итак тебе нече­го делать, посту­пай к нам в ака­де­мию Жур­ге­но­ва… Там Камил­ла Асха­тов­на научит, при­вьет эсте­ти­че­ский вкус! Семipiп, әлiн­дi бiл­мей, алек болған­ша сау­а­тын­ды аш!!! Нико­гда не позд­но! Век живи – век учись!», деп жазған Түсі­п­ба­е­ва Instagram желісін­де­гі парақ­ша­сын­да (орфо­гра­фия мен пунк­ту­а­ци­я­сы сақталған).

Алай­да қазір­гі уақыт­та бұл жаз­ба өшіріліп­ті. Түсі­п­ба­е­ва­ның өзі пікір біл­діру­ден бас тартты.

Өз кезе­гін­де Жадо­ның дирек­то­ры Ринат Тәт­ті­бай­дың айтуын­ша, осы жаз­ба­дан кей­ін дизай­нер өзін жай­сыз сезін­ген. Тіп­ті екі рет талып қалған. Тәт­ті­бай Жадо­ның 20 мил­ли­он тең­ге­мен қатар, еміне жұм­салған қара­жат­ты өндіріп беруін талап етіп отыр екен.

«Меру­ерт Жадо­ны 10 сынып­тық білі­мі бар шошқа» деп ата­ды. Жария түр­де қор­лап, әле­умет­тік желі­де ар-намысы­на тиді. Сон­ды­қтан біз сотқа бер­дік», – деді Тәт­ті­бай. Бірін­ші сот оты­ры­сы­на Түсі­п­ба­е­ва кел­меп­ті. Келесі сот оты­ры­сы қаңтар­да өтеді.

«Әзір­ше ресми түр­де ешкім сұраған жоқ. Келесі тың­да­уда Жадо­ның не істей­тінін көре­міз», – деп атап өтті дизай­нер­дің директоры.

Егер Меру­ерт Түсі­п­ба­е­ва­ның кінәсі дәлел­ден­се, ол 3000 АЕК көле­мін­де (6 мил­ли­он тең­ге­ден көп) айып­пұл төлей­ді неме­се осы көлем­де түзеу жұмыста­ры­на тар­ты­ла­ды, неме­се үш жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­ла­ды неме­се бостан­ды­ғы шектеледі.

Tengrinews.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн