«Общественная позиция»
(проект «DAT» №1 (365) от 12 января 2017 г.
Ойдан-қырдан
Манилада өтетін «Әлем аруы» байқауына Қазақстанның атынан 19 жастағы «Семей аруы» Дарина Құлсейітова қатысатын болды. Бұл туралы «Қазақстан аруы» байқауының баспасөз қызметі хабарлады.
12 қаңтар күні Манилада (Филиппин) 65-ші халықаралық «Әлем аруы» сұлулық байқауы өтеді. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген сұлулар бақтарын сынамақ.
Дарина Құлсейітова бұған дейін «Семей аруы» атағын жеңіп алған. Одан бөлек, «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ақтық сынында өнер көрсеткен. Сол сияқты халықаралық «World Beauty 2016», «Best Foto Model World Russian Beauty 2015» байқауларына қатысқан, «Miss International Vietnam 2014» байқауының бірінші вице-миссі (Халықаралық Fashion House International сұлулық байқауы).
Бүгінгі таңда Дарина Семейдегі Р.Байсейітов атындағы қаржылық-экономикалық колледждің үшінші курсында оқиды. Бос уақытында бимен айналысады, саяхаттағанды ұнатады.
«Әлем аруы» байқауына Қазақстанның атынан қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Әлі күнге дейін сене алар емеспін. Лайықты түрде өнер көрсетіп, елімізді, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді мейлінше көрсету үшін барымды саламын», – дейді Дарина.
«Әлем аруы» байқауы (Miss Universe) – жыл сайын өтетін әлемдегі ең беделді сұлулық байқауының бірі. Жеңімпаз ару ұйымдастырушылармен бір жылдық келісім-шартқа отырады. Бұл уақыт аралығында «Әлем аруы» қайырымдылық және әлеуметтік мақсатта бүкіл әлемді аралайтын болады.
Stan.kz