ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАҒА ЖОЛАТПАУ – ТІРКЕУ САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №1 (365) от 12 января 2017 г.

 

Интернет иірімінен


 

 

Енді Қазақстан азаматтары бір айдан асатын мерзімге туған-туысын аралап, яки жұмыс бабымен емін-еркін қыдырыстап жүре алмайтын болды. Бір айдан асатын мерзімге бір елді мекенге бара қалсаңыз, міндетті түрде уақытша мекен-жай бойынша тіркеуге тұруға міндеттісіз. Яғни, «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енді.

Билік уақытша тіркеу тәртібі азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығын шектемейтінін, әрі халықаралық тәжірибеге сәйкес енгізілгенін айтады.

Бірақ Астана мен Алматы секілді қалаларда қарапайым халық күнкөріс қамымен сабылып жүрген жоқ па? Оларды қайтпекпіз? Оларға ондай тіркеуді кім береді? Қонақүйлерді жағалай ма, жұмыс орнына тіркеле ме? Тіркеуге алғыштар тағы да ақша табудың жолын таңдап, қарапайым халықтың қалтасын қағуға кірісіп кетпей ме?

Мұндай тіркеудің қиындығын алғаш болып қазақ көреді. Себебі қазір ұлтымыз ұлы урбанизацияны басынан өткеріп жатыр. Осы урбанизация қарқын алған кезде оны тіркеумен шектемек болғандардың ісі күлкімізді келтіреді.

Уақытша тіркеу тәртібі талабын орындауға кіріскенде, билік сөзсіз қарсылыққа тап болады. Себебі шикі заң ешкімге де опа бермейді.

Шәріпхан ҚАЙСАР,

Abai.kz

 

 

Не сұмдық бұл!

 


 

БҮЙТКЕН Қазақстаны ҚҰРЫСЫН!

 

Құрметті, Бибігүл xаным! Кешегі жаңалықтарды сіз де көрген боларсыз. Жүрегім аузыма тығылып жазып отырмын. Үйсіз жүрген қаңғыған қазақты енді осылай қанауы қалды ма? Бұл заңды жақсы қолданатын Алматы мен Астана қаласының ІІБ болады.

 

Енді жалдап тұрған пәтерімізден шыға алмай тығылып, шыға қалсақ, көшеде тексерер деп, қуыс-қуысты паналап, немістен қашқан еврейлер сияқты жүреміз бе? Не сұмдық бұл? Пәтер иелері үйіне тұрғызған күнде де оған бөлек ақша сұрап, қанымызды ішпей ме? Айыппұл төлеп, одан қалса, әр күнімізді қашып-тығылумен өткізсек, нағыз мигрант сорлы біз болмаймыз ба? Сіз не дейсіз? Нағыз қазақтың басына қара бұлт енді төніп келе жатыр.

Студент жастар қайда барады – пәтерде жүрген, көп балалы отбасылар қайда қалады? Өз үйіміз, панамыз болса, бұлай жыламас едік. Қазақ жерінде тағы да қасқайып қалатын қазақтар ғана ма? Кімнен пана сұраймыз? Бүйткен Қазақстаны құрысын, шетелден келген байларды тұрғызсын, солардан алсын айыппұл, қарапайым бейшара қазақтың несін алады енді?

Шетелдіктерге құшақ ашып, қарсы алып, тегін қызмет көрсетеді, ал өзіміздің қазаққа келгенде кімнің саясаты бұл шығарып отырған? Ешкім ешқайда шықпай, қазақ қазақпен де араласа алмай қалсын дегені ме сонда? Әлде нағыз қазақтардың көтерілісін аңсап отыр ма атқамінерлер? Ол күн де алыс емес, жасы бар, кәрісі бар ұрандатар. Бірақ одан не пайда? Қайда барамыз біз осы?

 

• (Бибігүл Дәулетбаеваның инста-парақшасына «Батыр Батыровтан» келген хаттан)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн