Суббота , 5 июля 2025

АҚШ БАРЛАУ ҰЙЫМДАРЫ Ресейдің хакерлік шабуылын дәлелдеді

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.)

 

 


 

 

Өткен апта­да АҚШ Кон­гресі елде­гі пре­зи­дент­тік сай­лау про­цесіне хакер­лік шабуыл жасалға­ны тура­лы бар­лау ұйым­да­ры­ның есебін тың­даға­ны бел­гілі. Бірақ сол баян­да­ма жөнін­де ел бас­пасөзін­де және интер­нет­тің қаза­қстан­дық кон­тен­тін­де мар­дым­ды сөз айтыл­ма­ды. Себебі негізі­нен әлем­дік сая­сат пен халы­қа­ра­лық хабар-ошарға Ресей­дің көзі­мен қарай­тын Қаза­қстан билі­гі тара­пы­нан пәр­мен бол­ма­ды. Бұның жөні де бел­гілі – Кремль­дің шым­бай­ы­на тимеу.

 

Оның үстіне қаза­қстан­дық медиа-нарық әдет­те әлем­дік ақпа­рат­ты негізі­нен орыс тілі­нен сүзіп-теріп ауда­руға машы­қтанған. Ал АҚШ Кон­гресін­де­гі тың­да­уға қаты­сты ресей­лік БАҚ ләм-мим деме­ген соң, қаза­қстан­дық ақпа­рат кеңісті­гі де кон­гре­сте сөз болған мән-жай­дан кен­де қалды.

Міне, сол кен­де­шілік­тің орнын тол­ты­ру үшін, біз төмен­де ақта­улық аудар­ма­шы-бло­гер Қуа­ныш Еділ­хан­те­гі қазақ қоға­мы­на ұсы­нған ақпа­рат­ты ықшам­дап жария етіп отырмыз.

Бар­лау ұйым­да­ры­ның өткен жұма­ның екін­ші жар­ты­сын­да жари­я­ланған есеп­ті баян­да­ма­сын­да Ресей пре­зи­ден­ті Путин­нің Трамп­тың сай­ла­уда жеңіс­ке жетуі үшін тиісті ком­па­ни­я­ларға сай­ла­у­ға кең түр­де ара­ла­суға жар­лық бер­гені тура­лы айтылады.

«Ресей­дің мақ­са­ты – қоғам­ның АҚШ-тағы демо­кра­ти­я­лық про­цес­стер­ге деген сені­мін жоғал­ту, Клин­тон­ды жария түр­де қара­лау арқы­лы оның ықти­мал пре­зи­дент­ті­гіне барын­ша зиян кел­ті­ру бол­ды. Путин мен Ресей үкі­меті Трамп­тың пре­зи­дент болып сай­ла­нуы­на барын­ша ықпал ету­ге тыры­сты» – делін­ген баяндамада.

Бұл баян­да­ма­да бар­лау ұйым­да­ры жары­лған бом­ба­ның әсерін­дей қоры­тын­ды­лар айт­ты, деген­мен де сот-меди­ци­на­лық дәре­же­де­гі дәлел­де­ме­лер кел­тіріл­мей, олар баян­да­ма­ның құпия бөлі­гін­де екен­ді­гіне сіл­те­ме жаса­ла­ды. «Бар­лық дәлел­дер баян­да­ма­ның қосым­ша құпия бөлі­гін­де кел­тіріл­ген. Бар­ша ақпа­рат көз­дері мен оны өңдеу әдістерін біз, құпи­я­лы­лық сақта­луы қажет­ті­гіне орай, ашық жари­я­лай алмай­мыз» – делін­ген баяндамада.

Баян­да­ма­ның жария бөлі­гін­де өздеріне жылы­шы­рай таны­тқан кан­ди­датқа Мәс­ке­удің көмек­те­су­ге бел буған­ды­ғы айты­ла­ды. Ол үшін Клин­тон­ды кан­ди­дат ретін­де масқа­ра­ла­у­ға тыры­сқан. Путин Ресей­де 2011, 2012 жыл­да­ры орын алған жап­пай нара­зы­лы­қтар үшін Клин­тон­ды ашы­қтан-ашық айып­тай­ды, соған кек сақтап қалған және сол үшін өш алуға тырысқан.

Бұры­нғы КГБ аген­ті Трамп­ты Сири­ядағы және Укра­и­на­дағы Ресей­дің сая­са­ты­на түсіністік­пен қарай­ды, біз­ге достық пози­ция ұста­на­ды деп есеп­тей­ді. Мәс­кеу Трамп­ты Ирак пен Сири­яда тер­ро­ри­стік Ислам мем­ле­кетіне (ISIS) қар­сы халы­қа­ра­лық коа­ли­ция құруға көмек­те­седі деп есептеген.

«Сай­лау қоры­тындыс­ы­на Ресей­дің әсері бол­ды ма, жоқ па – енді оны біле алмас­пыз, ол бар­лау ұйым­да­ры­ның жұмысы да емес, бірақ олар­дың осы про­цес­ке ара­ласқа­ны, оның ұзақ мерзім­дік сал­да­ры бар екен­ді­гі анық», – деді бар­лау коми­тетінің бас­шы­сы Адам Шифф.

«Ресей тек қана кибер­ша­буыл емес, соны­мен қатар БАҚ-тар­да ашы­қтан-ашық үгіт-наси­хат жүр­гіз­гені, әле­умет­тік желілер­де тролль­дер қыз­метін кеңі­нен ұйым­да­сты­рға­ны анық болып отыр. Ресей мем­ле­кет­тік БАҚ-тары­мен қатар, RT теле­ар­на­сы спут­ник­терін, ағы­л­шын тілін­де­гі виде­о­лар­ды пай­да­ла­нып, Клин­тон­ның сай­ла­у­ы­на қар­сы әре­кет­тер­ді қар­жы­лан­ды­рған» – делін­ген баяндамада.


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн