Суббота , 5 июля 2025

АШТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАНДАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №2 (366) от 19 янва­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Ере­уіл­де­ген ел бар

 


 

 

Ақта­удағы OCC ком­па­ни­я­сы­ның кәсі­по­дақтар кең­сесін­де аштық ұстап жатқан жұмыс­шы­лар қата­рын Қала­мқас пен Жеті­бай кені­ш­тері­нен, вах­та­лық ауы­сым­нан кел­ген мұнай­шы­лар толы­қтыр­ды. Олар «Нұр Отан» пар­ти­я­сын талап­та­ры­на құлақ асуға шақы­ра­ды. Ал пар­ти­я­ның облы­стағы бөлім­ше­сі ондай арыз түс­пе­генін айтады.

 

Еске сала кетей­ік, Маңғы­стау облы­сын­дағы Oil Construction Company ком­па­ни­я­сы­ның жүз­де­ген мұнай­шы­сы Рес­пуб­ли­ка­лық тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сын тір­ке­уді сұрап, аштық жари­я­лаған­да­ры­на екі аптаға тая­ды. Олар­дың қата­рын қаңтар­дың 17-сінен бері ком­па­ния қыз­мет көр­се­тетін Қала­мқас және Жеті­бай кені­ш­тері­нен кел­ген жүз­де­ген мұнай­шы толы­қты­рып, алға­шқы­да 90-нан астам болған нара­зы жұмыс­шы­ның саны қазір 400-ге тақады.

Cолар­дың бірі, үш бала­ның ана­сы, ОСС ком­па­ни­я­сы­ның жұмыс­шы­сы Ақзер Нұрға­ли­е­ва: «Дау­сы­мыз билік құлағы­на жет­пе­се, мәсе­ле­мізді заң аясын­да шешпе­се, біз бәрі­міз жатуға дай­ын­быз. Мен ана ретін­де, жұмыс­шы ретін­де, Маңғы­ста­удың тұрғы­ны ретін­де атса­лы­суға келіп тұр­мын. Бүгін­нен бастап аштық жари­я­лай­мын», – деді Ақзер Нұрғалиева.

Аштық жари­я­лаған ОСС мұнай­шы­ла­ры өздерінің «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның мүше­лері екенін айтып, пар­ти­я­ның облы­стағы фили­а­лы­на рені­ш­терін біл­дір­ді. ОСС маши­нисі Мақ­сат Төпе­ев қаңтар­дың 9‑ы күні барып Ақта­удағы «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның облы­стық фили­а­лы төраға­сы­ның орын­ба­сар­ла­ры­ның бірі Мұхам­бет Жүн­ба­сов­пен кез­дескенін, оның келу­ге уәде бер­генін айтты.

– Бүкіл халық, осы ара­дағы жұмыс­шы­лар «Нұр Отанға» жар­на төлеп жатыр. Оны не үшін төлеп жатыр, халқын қорға­ма­са, жаны ашы­ма­са? Неге келіп хаба­рын алмай­ды? Біз ақша үшін жатқан жоқ­пыз бұл жер­де. Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақты қорғау үшін жатыр­мыз. Қан­ша­ма адам жатыр ашты­қта?! – дей­ді Иманға­ли Молдағалиев.

«Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның Маңғы­стау облы­стық фили­а­лы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Хали­ла Нұрға­ли­е­ва «мұнай­шы­лар­дың аштық жари­я­лаған­да­ры­нан хабар­дар екенін, бірақ заң­сыз болға­сын, бар­май оты­рға­нын» айт­ты. Хали­ла Нұрға­ли­е­ва олар­дың «Нұр Отанға» кел­генін теріс­ке шыға­рып, «арнайы ары­здан­ба­ды» дейді.

ОСС ком­па­ни­я­сын­да 40 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Мақ­сат Тасы­ба­ев «облыс про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры мұнай­шы­лар­ды Аста­наға келісім үстеліне шақы­рып, кей­ін оны екі күн­ге кей­ін қал­ды­рға­нын» айт­ты. «Бұл қалай сон­да? Халық толқу­лы. Айты­лған заттар­дың елба­сы­на жет­пе­уі мүм­кін емес», – деді ол.

Маңғы­стау облы­сы про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Ержан Бер­ді­бе­ков «Азатты­ққа» бұл мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты ком­мен­та­рий бер­меді. Ол ұйым­да­сты­ру бөлі­мінің про­ку­ро­ры Айбек Мұна­тов арқы­лы ресми хат жол­да­уды сұра­ды. Маңғы­стау облы­сы әкі­мінің мін­детін уақыт­ша атқа­ру­шы Сүй­ін­дік Алда­шев та «жина­лы­стан қолы боса­маған­ды­қтан» ком­мен­та­рий бер­ген жоқ.

Еске сал­сақ, ОСС тәу­ел­сіз кәсі­по­дағы 2011 жылы құры­лған. Оның 1611 мүше­сі бар. ОСС ком­па­ни­я­сы «Маңғы­ста­у­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның Қала­мқас, Жеті­бай кені­ш­теріне қыз­мет көр­се­те­ді. Оның 400-ден астам мұнай­шы­сы Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы­ның жабы­луы­на нара­зы­лық біл­діріп, қаңтар­дың 5‑cінен бері аштық жари­я­лап жатыр.

Ал 16 қаңтар күні «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның құра­мын­дағы Бұрғы­лау жұмыста­ры басқар­ма­сы­ның (БЖБ) кәсі­по­дақ ұйы­мы Oil Construction Company мұнай­шы­ла­ры­на қол­дау біл­діріп, облыс билі­гіне ескер­ту хат тап­сыр­ды. «Жаңаө­зен қала­сын­да 2011 жылы жел­тоқ­сан айын­да болған оқиға­ның не себеп­тен және қалай туын­даға­ны бел­гілі. Хат­ты осын­дай оқиға келесі­де қай­та­лан­ба­сын деп жазып отыр­мыз» делін­ген хатта.

Маңғы­стау облы­сы әкі­мінің аты­на жол­данған хат­та Қаза­қстан­ның зай­ыр­лы, демо­кра­ти­я­лық, құқы­қтық мем­ле­кет екеніне және оның ең қым­бат қазы­на­сы – адам мен оның өмірі, құқы­қта­ры мен бостан­ды­ғы екен­ді­гі айты­лған. ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 1‑бабына сіл­те­ме жасаған БЖБ мұнай­шы­ла­ры облыс әкі­мі­нен хатқа бес күн ішін­де жаз­ба­ша жау­ап беруді сұраған.

«Біз­ге тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ керек. Әріп­те­стері­міздің он бір күн бойы ашы­ғуы­на назар аудар­мау – адам­ды қинау деп түсі­не­міз. Мен БЖБ кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның төраға­сы ретін­де олар­ды қол­дай­мын», – деп мәлім­деді Марат Жүсі­п­ба­ев «Азатты­ққа».

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн