Суббота , 5 июля 2025

ЭКСПО КӨРМЕСІ мектеп мұғалімдерінсіз ҚАРАҢ ҚАЛА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №2 (366) от 19 янва­ря 2017 г.

 

 


 

 

Интер­нет­тің әле­умет­тік желісін­де ЭКСПО-2017 көр­месіне арналған кіру билет­терін мек­теп мұғалім­деріне зор­лы­қ­пен сату басталға­ны жөнін­де хабар тара­ды. Мәсе­лен, теле­жур­на­лист һәм таны­мал бло­гер Эль­ви­ра Ерга­ли­на өзінің Facebook-парақ­ша­сын­да ауыл мұғалім­дерін EXPO көр­месіне билет алуға мәж­бүр­леп жатқа­нын айтады.

 

«50 мұғалі­мі бар мек­теп­ке ЭКСПО билет­терін әкеліп­ті, – деп жаза­ды жур­на­лист Эль­ви­ра Ерга­ли­на өз ФБ-парақ­ша­сын­да. – 40 дана. «Барған­да­рың жақ­сы. Бар­май жат­саң­дар да, билет алуға мін­дет­тісің­дер», – деп­ті. Билет құны 2000–8000 тең­ге аралығында.

Енді жең­гем: «Соған бола мына жақтағы тір­лік­ті тастап бару қай­дан, 2 билет алып, саған беріп жібер­сем, бола­тын шығар?» – дейді.

Дәл сол аудан­да, бірақ басқа мек­теп­те мұғалім боп істей­тін тағы бір жең­гем де солай дей­ді. «Ала­сы­ң­дар, бару-бар­мау өз ерік­терің­де», – деп­ті. Баға­сы сол – 2000–8000 тең­ге аралығында.

Шошы­дым!

«Жал­пы, Ордаб­а­сы ауда­ны­ның мұғалім­деріне 2000 билет бөліп­ті. Ал десе – ала­мыз. Айлы­қтан ұстай­ды ғой бәрібір», – де-е‑п отыр жеңгелерім.

Беті ашыл­маған күйі пеш­ке кететін газет-жур­на­лы­на жазы­лып оты­рған­дай еш эмо­ци­я­сыз айта­ды ғой тағы.

«Бар­ма­сақ – неге алуға мін­дет­ті­міз деп сұра­ма­ды­ңы­здар ма?» – дедім. Жоға­ры жақтың при­ка­зы екен.

Қызы­ғы – қала­ның мек­теп­теріне ондай мін­дет жет­пеп­ті әлі.

«Өз құқы­ғын қорға­уды біл­мей­ді, аңқау, айдағанға көне береді деп, ауыл­дың мұғалім­дерін «сорып» жатыр екен ғой. Қар­сы­лас­пай, көне беретін өздеріңіз­ден екен бәрі. Лох боп жүріңіз­дер сол!» – деп күл­дім жең­ге­лері­ме. Еке­уі тызыл­дап қал­ды. Расы сол ғой.

Осы­ны өздері ФБ-ға жаз­са, әйте­уір бір нәти­же шыға­рар едік, иә? Шырыл­дап, шуыл­дап жүріп))

Эль­ви­ра ЕРГАЛИНА,

жур­на­лист

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн