Пятница , 4 июля 2025

ЖӘМШІК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №4 (368) от 2 фев­ра­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Алдас­пан

 


 

Жыл­дар жылға жалға­сып тұр,

Үміт­тер­ден шам жанып.

Жалғыз атты арба шықты,

Алыс жолға қамданып.

Жола­у­шы­ның мол арманы,

Жол аза­бы елге сын.

Ұлы Уақыт сол арбаны,

Ада­сты­ра көрмесін.

Болған талай заман ақыр,

Бұл жұрт нені көрмеді?

Жалғыз жәм­шік бара жатыр,

Мығым ұстап делбені.

Айда­у­шы етіп таң­дап алып,

Алты­нқұ­мар немені.

Арба­дағы арда халық,

Үнсіз қалғып келеді.

Ұлы Дала теңселеді,

Сабы­лған­дай сана көп.

Дел­бе­ші­ге ел сенеді,

Өзі­міздің бала деп.

Жәм­шік ойын сезер кімдер,

Алтын, жақұт арманы.

Божы қол­да, өз еркінде,

Қай­да бұр­са арбаны.

Өз пиғы­лы ұнай­ды ерен,

Дүние қапқан сананы.

Өрге тар­тқан сыңайменен,

Көр­ге тар­тып барады.

 

Темірға­ли КӨПБАЕВ, Халы­қа­ра­лық «Алаш» әдеби

сый­лы­ғы­ның иегері


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн