Прокуратура ереуілшілерді ЖАЗАЛАЙ БАСТАДЫ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №4 (368) от 2 февраля 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде мұнай өндіру саласы нысандарына электр-техникалық қызмет көрсетумен айналысатын «Kentech Kazakhstan technical services» (KKTS) мердігерлік компаниясының жұмысшылары басшылыққа еңбекақыны көбейту туралы талап қойып, жұмысқа шығудан бас тартқаннан кейін, даулы мәселеге прокуратура да назар аударып, тексеру жүргізген. Бұл туралы «Азаттыққа» Жылыой аудандық прокуратурасы өкілі Балнұр Есенгелдинов хабарлады.

 

– Оқиғаға қатысты прокуратура тарапынан тексеру болды, бірақ оның қорытындысы әлі дайын емес. Сауалыңызды жазбаша жолдаңыз, – деді Балнұр Есенгелдинов.

Аты-жөнін атамауды өтінген жұмысшының «Азаттыққа» айтуынша, жұма күні жұмысшылар еңбекақыға қатысты талап қойғаннан кейін, компания әкімшілігі наразылық білдіргендердің жұмыс орнына кіретін рұқсат қағаздарын жинап алып, олар үйлеріне тараған.

Ескерте кетейік, бұған дейін қаңтардың 27-і күні KKTS серіктестігінің 120 жұмысшысы еңбекақыны 50 пайызға көбейтуді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқаны туралы хабарланған. Атыраулық «Ақ жайық» басылымы компания басшылығы еңбекақыны шамамен 12 пайызға көбейтуге дайын екенін мәлімдегенімен, наразылар оған көнбеген деп жазды.

Еске салсақ, Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі саналатын Теңіз кенішін игерумен «Теңізшевройл» бірлескен мұнай-газ кәсіпорыны айналысады.

Azattyq.org

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн