Суббота , 3 мая 2025

ЖАУЫНГЕРДІҢ СҮЙЕГІ СЕМЕЙГЕ ЖЕРЛЕНЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №4 (368) от 2 фев­ра­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

 

Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­ста қаза болған, Эсто­ни­яда табы­лған қаза­қстан­дық жауын­гер­дің сүй­е­гін оның ота­ны – Семей­де жер­лей­ді, деп хабар­ла­ды Delfi порталы.

 

«Жек­сен­бі күні Кохт­ла-Ярве­де эстон­дық ізде­ушілер тапқан, 1944 жылы қаза болған қаза­қстан­дық жауын­гер­дің (Нико­лай Соро­кин – Қаз­ТАГ) сүй­е­гі осы елдің дипло­мат­та­ры­на табыс етіл­ді және ол ота­ны­на жіберіліп, онда лай­ы­қты әске­ри құр­мет­пен жер­ле­нетін бола­ды», – делін­ген жарияланымда.

Ізде­сті­ру бары­сын­да Н. Соро­кин­нің туы­ста­ры табы­лып, олар жауын­гер сүй­е­гінің ота­ны­на – Семей­ге жер­лен­генін қалай­тын­ды­ғын біл­дір­ді. Н. Соро­кин­мен қошта­су рәсі­мі екі қала­да – Аста­на мен Семей­де өте­ді. Бүгін, 2 ақпан­да жауын­гер­дің сүй­е­гі Семей зира­ты­на жерленеді.

Жари­я­ла­ным­да айты­лған­дай, 2016 жылы 22 сәуір­де Вирус уезін­де­гі Сир­га­ла Ида кен­тінің маңын­да ізде­сті­ру жұмыста­ры бары­сын­да Қызыл Армия жауын­герінің сүй­е­гі табыл­ды. Ол 1944 жылы Эсто­ни­я­ны азат ету ұры­сын­да қаза болған. Мұрағат аны­қта­ма­сын­да 76 мм зеңбірек­тің қатар­дағы көз­де­ушісі болған Н.Сорокин «Ерлі­гі үшін» медалі­мен марапатталған.

Н. Соро­кин – Қазақ ССР, Семей қала­сы­ның тума­сы, Қызыл әскер қата­ры­на 1941 жылы 23 тамы­зда шақы­ры­лған. Ленин­град­ты қорғау, оның қор­ша­уын бұзып өту ұры­ста­ры­на қаты­сқа­ны үшін «Ленин­град­ты қорғаға­ны үшін» медалі­мен марапатталыпты.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн