«Общественная позиция»
(проект «DAT» №4 (368) от 2 февраля 2017 г.
Ойдан-қырдан
Бірнеше жылдан бері «соқа басты» өмір сүріп келген актриса, әрі әнші Айгүл Иманбаева өзінің инста-парақшасына мазмұны түсініксіз суреттер жариялай бастаған соң, оқырмандары оның «жалғыздығына» күдік келтіре бастады.
Бір кездері теле-келін («Ұят болмасын!» тв-бағдарламасы) атанған Айгүл енді кімнің отбасына нағыз келін болғысы келіп жүр? Айгүлге тәнті оқырмандары бүгінде осындай сұраққа жауап іздеуде.
Жеке өмірі жайында сөз қозғауды жақтырмайтын актриса қырықтың қырқасына шыққан жасында «жаңа өнер» көрсете бастаған сыңайлы. Ол жуықта оң қолының «шылдыр шүмек» саусағында сақина салған суретін өзінің инста-парақшасына жариялауы мұң екен, оқырмандары орағыта әңгіме бастады. Сол жазбалардың арасындағы «махаббатсыз дүние бос екенін өзіңіз де түсінген шығарсыз, жалғыздық құдайға ғана жарасқан» деген ишара сол әңгіменің өзегі болды. Айгүлді бұрынғы күйеуі «Сәбит Әбдіхалықовқа оралды» деушілер де жоқ емес.
«Халық айтса, қалт айтпайды» дегендей, көпшіліктің болжауынша, Айгүлдің инста-парақшасында суреті жартылай «жасырылған» белгісіз ер азаматтың жұмбақ бейнесі Сәбит-серінің Алтынай Жорабаевадан кеткеннен кейін-ақ пайда болған екен. Және сол уақыттарда бұрынғы ерлі-зайыптылар телевизиялық бағдарламаның бірінде бірге жұмыс істеген еді.
Міне, осыдан кейін «жасырын жеміс тәтті болады» деген сыңайға сұқтанған «инста-жазғыштар» Айгүлдің төңірегінде талай тақырыпты топшылап тастады. Егер жуық уақытта Айгүлдің тарапынан бұл қауесетке қайтарым болмаса, оның таяу күндері «жүкті болып» қалуы да ғажап емес.
Желідегі жазба
Сенатордың ҚАТЫНЫ
Зығырданым қайнап отыр. Сенатор болған, қазір мықты жерде дүмімен орындық ойып отырған, көпке танымал бір қандасымыз келді. Келіншегі және осылардың билігін қолына алған әйел бар.
– Ал, біз келдік. Қабанбай туралы білгеніңді айтып, жол баста, – деп әй-шәй жоқ бұйыра сөйледі. Жетпісті еңсеріп қалған адам-ау деп имену жоқ.
Сарт кеттім.
– Сен секілді мың адам келеді. Кім едің Батырдың атын тік атайтын? Алдымен бұл жердің жөнін сұрап, әулиелі жерге кішілік көрсет. Сонан соң томпаңдап, еркектердің алдын орамай, кейін тұр – деп, жеңінен тарттым да, інім екеуіміздің артымызға ысырдым.
Тілі байланып қалды.
Құран оқып шыққан соң, інішегім Фариза апай мен Әбіш ағайға да құран оқуды өтінді.
– Олар кім? – деген әлгі келіншек аң-таң.
– Әй! – дедім ініме, – Мына қатын жерден шыққан ба? Екі кітап оқымаған бейшараның соңынан салпақтап жүрген сен ақымақсың ба, әлде осы жыртығыңды жамайды, тағы да депутат болғызады деп жүрсің бе? Не масқара мынауың?!
Інім мені құшақтап, безек қақты. Қатын машинаға зытты. Келін қоса кетті.
Камал ӘБДІРАХМАНОВ