«Общественная позиция»
(проект «DAT» №5 (369) от 9 февраля 2017 г.
Апта аптығы
Атырауда «Жер мәселесіне» қатысты митинг өткізгені үшін сотталған белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян терроризм мен экстремизмді қаржыландыратын тізімге енгізілген. Ал қазір олардың қай түрмеде отырғаны белгісіз, деп хабарлайды «Азаттық».
Терроризм мен экстремизмді қаржыландыратын ұйымдар мен адамдардың тізімі Қазақстанның Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау сайтында жарияланған. Ол тізімге елде экстремизм мен терроризм бойынша сотталған адамдар енген.
Қазір Макс Боқаев пен Талғат Аянның қай түрмеде отырғаны белгісіз. Макс Боқаевтың туыстарының айтуынша, оны батыстан оңтүстік арқылы Петропавловскідегі ЕС-164/3 абақтысына жібермек.
Бұл екі арада кеше «Астана концерт» залында қала әкімдігінің «Белсенді азамат» шарасы кезінде азаматтық белсенді Раиса Бейсембаева атыраулық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды және сотталған диссидент Арон Атабекті босатуды талап етіп, акция өткізді. Қолына А4 форматындағы қағазға Боқаев, Аян, Атабекті босатуды және психиатрлық ауруханаға жатқызылған белсенді Наталья Уласикті босатуды талап ететінін айтты.
Azattyq.org