Воскресенье , 20 апреля 2025

ҚУАТ НАЙМАН Елбасыға жауап берді

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №5 (369) от 9 февраля 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

«Қуат Найман» деген лақап атпен танымал ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің instagram парақшасында елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Өзінде мақтан тұтарлық ештеңесі жоқтар ұлтшыл болады», – деген сөзіне өзінің келіспеушілігін білдіріп, пікір қалдырды.

 

«Бiз, қазақтар, өте аз болғандықтан, бар-жоғы 10 миллион қазақ бiр қазанға басы сыймай, бiр-бiрiн қырып жатқандықтан, қыздарымыз Қытайға, бауырларымыз елiн тастап, Еуропаға кетiп жатқандықтан, жастарымыз бұзылып, алқаш болып бара жатқандықтан, жастарымыз тарихын ұмытып, Батысқа елiктеп, бұзылып бара жатқандықтан, бiздiң ертең ұлтымыз, сол айтылып жатқан планетадан жоғалып кетпес үшiн, ұлтшыл болып, өз қазағымызға, қанымызға қамқорлыққа шақырудамыз!

Егер де сол Қытайда елiн-жерiн аңсап жүрген 2 миллион қазақты елге қайтарса, әрбiр туылған сәбиге өзi туған елiнен 8 сотық жерiн, 1 000 000 теңгесiн берсе, әр қазақ ертең-ақ отбасын құрар едi, әрбiр жас отбасын құрған азаматтарға үйiн, жұмысын тауып берсе, ертең-ақ қазақ 10 миллион емес, 40 миллион болар едi. Сол кезде көршi дос халықтар «маңқа қазақ» демес едi, қу орыс бiздiң жарты жердi алып қою керек демес едi!

Ұлтшылдық әлсiздердiң сандырағы емес, жүрегiнiң лүпiлдегенi! Бойында намысы барлар ұлтын көтерiп жүредi! Бiзге Гюго немесе адамды маймыл деген Дарвин емес, атамыз Абай, батыр бабаларымыздың тәрбиесiмен өскен, елiнiң қамын ойлайтын, жау шапса, кемпiр-шалын жаудан қорғайтын, елi үшiн жанын беретiн жастар керек!»

qamshy.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн