Суббота , 5 июля 2025

Арай көріпкел НЕ ДЕЙДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

 

Жоралғы

 


Иманға­ли Тасмағам­бе­то­втың вице-пре­мьер­лік қыз­меті­нен босап, «өзі сұра­уы» бой­ын­ша Ресей­ге елші болып кетуіне орай Арай-көріп­кел­ге құма­лақ сал­ды­рған едік. Ескер­те кетей­ік, газеті­міздің жаңа жыл­дық нөміріне (12.01.2017.) арнап ашы­лған құма­лақта Арай ханым былай деген еді: «Біре­удің «көр­се­туі­мен» еркі­нен тыс бір адам­ның қыспағы­на ілініп, қыз­меті­нен кетуі мүм­кін… Өзіне жай­сыз кезең баста­ла­ды. Жүре­гі күп­ті құма­лақ түсіп тұр… Бұл құма­лақ жүй­кесі жүн, жігері құм болып, алға басқан аяғы кері кетіп жүр­ген ада­мға түседі».

Ал енді­гі құма­лақ қалай «сөй­леді»? Бұл да жетісіп тұрған жоқ – оқып көріңіз.

 

«Арғы жағ­дайы әрі қарай қалай өрби­тіні Иманға­ли Тасмағам­бе­то­втың өзі үшін бел­гісіз, – дей­ді Арай-көріп­кел. – Бірақ өзі бола­шақтан бір жақ­сы­лық күтіп отыр. Деген­мен, алды­ңғы уақыт­та өзі­нен «жоға­ры тұрған» бір адам­ның тара­пы­нан қат­ты соққы ала­ды. Бір ауырт­па­лы­ққа жан­шы­лып, үлкен сөз­ге қалай­ын деп тұр.

Құма­лаққа әйел адам түсіп тұр – сол әйел­ге бай­ла­ны­сты бір дау­лы про­бле­ма туа­ды. Басы­нан кеш­кен бір жағ­дай­ға алдағы уақыт­та қат­ты өкінеді.

Енді тағы бір жалғыз құма­лақ тағы бір әйел­ге бай­ла­ны­сты түсіп тұр. Ол өзінің отба­сын­дағы әйел ада­мға бай­ла­ны­сты жаңа­лық: не өзінің отба­сы­на бір адам қосы­ла­ды, не бол­ма­са сол әйел дүни­е­ге бір бала әке­леді. Отба­сын­да осын­дай бір өзгеріс болады.

Қазір өзін-өзі жұба­тып, «сон­дай бір жақ­сы демал­сам дей ме, әлде бір жаққа кет­кенім дұрыс бола­ды» дей ме – сон­дай бір ойда жүр. Бірақ алды­ңғы уақыт­та – шама­сы, наурыз айы­ның аяғы­на таман үлкен бір тар­тыс туа­ды. Бір оры­нға барғы­сы келе ме, әлде кет­кен жағым­нан тезірек қайт­сам дей ме – әйте­уір басы­на үлкен уай­ым түсей­ін деп тұр.

Ал енді биы­лғы жыл бұл кісі үшін бос түсіп тұр: ештеңе­ге қолы жет­пей­ді, маза­сы қат­ты кете­ді, бір орын­нан тұрақ тап­пай­ды. Бұл ада­мға биы­лғы жылы қауіп көп бола­ды. Біраз адам­дар­дың ашуы­на тиді ме, өзіне жақ­та­старға қараған­да қас адам­дар көп болып тұр. Бір жағы­нан солар­дың кесірі­нен, бір жағы­нан біре­удің тық­сы­руы­нан ғой дей­мін: аяқ асты жол жүріп кете­ді. Ол жол жұмысы неме­се айна­лы­сып жүр­ген сая­са­ты болуы мүмкін.

Деген­мен, өзіне алы­стан үлкен бір өзгерістер келе жатыр: бір ер адам­нан жақ­сы жаңа­лық күте­ді, бірақ ол жаңа­лық әзір бола қой­май­ды. Жақын ара­да – наурыз айын­да тағы бір оры­нға ауы­са­ды. Қан­дай орын екенін айта алмай­мын – суық құма­лақ түсіп тұр».

Жазып алған –

Димаш АЗАМАТ

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн