Вторник , 26 августа 2025

ТӘУЕКЕЛМЕН СҮЙІСКЕН Жанар қазақтың сөзіне қалды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Жанар Дұға­ло­ва­ның күні кеше көре­рмен­ге жол тар­тқан «Ала кет­пе­дің» атты әніне түсіріл­ген бей­на­ба­я­ны тың­дар­ман қауы­мға жақ­пай қал­ды деп хабар­лай­ды Gakku арнасы.

 

Бей­не­ба­ян­ның түсірілім жұмыста­ры өткен жыл­дың қара­ша айын­да өткен. Дұға­ло­ва жаңа туын­ды­ны жел­тоқ­сан айын­да-ақ шыға­ра­мын деп уәде еткен еді. Алай­да біраз қиын­ды­қтарға бай­ла­ны­сты бей­не­ба­ян тұса­уы сәл кешірек кесіл­ді. Оған бір себеп – клип­те «ком­про­мат кадр­лар­дың» болуы…

Ашып айт­сақ, бей­не­ба­ян­да Жанар Дұға­ло­ва оттың орта­сын­да тұрып актер Тәу­е­кел Мүсілім­мен сүй­іс­кен. Сол себеп­ті Дұға­ло­ва аталған кадр­лар­ды бей­не­ба­янға қосу-қос­па­уды бір ай бойы ойланған. Ақы­рын­да әріп­те­стері мұның өнер екенін айтып, әншіні көндірген.

• «Тыр­нақ асты­нан кір ізде­удің қажеті жоқ. Мұны тек екі адам­ның ара­сын­дағы махаб­бат, баян­сыз махаб­бат ретін­де қабыл­даңы­здар. Әрине, біре­у­ге ұнай­ды, біре­у­ге ұна­май­ды. Біреу түсі­неді, біреу түсін­бей­ді, сын айта­ды. Оған дай­ы­н­мын», – деп түй­ін­деді Жанар.

Ал тың­дар­ман­дар­дың пікірі Жанар­дың өзі күт­кен­дей екі­ге бөлін­ді. Кей­біре­улер қазақ қызы­ның ел алдын­да жігіт­пен сүй­іс­кенін ұятқа бала­са, енді­гілер өнер туындыс­ы­на «жауһар» деп баға бер­ді. Айт­пақ­шы, шоу-биз­не­сте­гі сұлу­лар­дың біразы­мен сүй­іс­кен Тәу­е­кел­ге астар­лап қал­жы­ң­даған­дар та табылды.

Нұр­сұ­лу Найманова

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн