Воскресенье , 6 июля 2025

ПУТИНГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ӨЗГЕРМЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

 


Апта апты­ғы

 


 

 

Ақтө­бе облы­стық соты­ның апел­ля­ци­я­лық алқа­сы бүгін Facebook парақ­ша­сын­да Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Пут­ин­ді сынаған жаз­ба­ла­ры­на бола «ала­у­ы­здық тудыр­ды» деп айып­та­лып, үш жылға сот­талған бел­сен­ді Санат Досо­втың сот үкі­міне шағы­мын қанағаттандырмады.

 

Санат Досов 2014 жыл­дың шіл­десі мен 2016 жыл­дың науры­зы ара­лы­ғын­да жазған жаз­ба­ла­рын­да Ресей пре­зи­ден­тін «елді қират­ты» деп айып­тап, оның сая­са­тын және Кремль­дің Шығыс Укра­и­на­дағы әре­кетін сынаған.

«Азаттық» тіл­шісінің хабар­ла­у­ын­ша, апел­ля­ци­я­лық алқа судья­сы Хай­рул­лин Досо­втың апел­ля­ци­я­лық шағы­мын қанағат­тан­дыр­мау тура­лы шешім шыға­рып, апел­ля­ци­я­лық шешім­ге Жоғарғы сотқа кас­са­ци­я­лық шағым түсіру­ге бола­ты­нын айтты.

Санат Досо­втың адво­ка­ты Дар­хан Мыр­за­бе­ков пен әйелі Әсел Жұмаға­зи­на «Азатты­ққа» сот шеші­мі­мен келіс­пей­тінін, оған кас­са­ци­я­лық шағым түсіретінін айт­ты. Кеше­гі сот оты­ры­сы­на тер­геу абақты­сын­да оты­рған Санат Досо­вты қаты­стыр­ма­ды. 46 жастағы Санат Досо­втың ісі бой­ын­ша сот қара­ша­ның 28‑і күні басталған. Тер­геу орга­ны Санат Досо­вқа Қаза­қстан Қыл­мыстық кодексі 174-бабы­ның 1‑бөлімі бой­ын­ша (әле­умет­тiк, ұлт­тық, рулық, нәсiл­дiк, тек­тік-топ­тық неме­се дiни ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ру) айып таққан.

Аzattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн