Суббота , 5 июля 2025

CPJ: Астана Жанболатты ДЕРЕУ БОСАТСЫН!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

 

Сая­си қуда­лау жалғасуда


 

 

Штаб-пәтері Нью-Йорк­те орна­ласқан Халы­қа­ра­лық «Жур­на­ли­стер­ді қорғау коми­теті» (Committee to Protect Journalists – CPJ) Қаза­қстан билі­гін «қар­жы жымқы­ру» ісі бой­ын­ша қамалған тәу­ел­сіз, оппо­зи­ци­я­лық жур­на­лист Жан­бо­лат Мамай­ды жедел боса­туға шақырды.

 

«Қаза­қстан билі­гі бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры алаңын өзге­ше ойлай­тын­дар­дан таза­ла­уды жүй­елі түр­де жүр­гізіп келеді және Жан­бо­лат Мамай­дың қама­луы – осы бағыт­тағы тағы бір қадам», – деп мәлім­деді CPJ-ның Орта­лық Азия бой­ын­ша үйле­стіру­шісі Нина Огня­но­ва. Оның сөзін­ше, Аста­на «Сая­си қалам. Три­бу­на» газеті бас редак­то­ры­ның мін­детін атқа­ру­шы Жан­бо­лат Мамай­ды дереу боса­тып, оны кәсі­би қыз­меті үшін қуда­ла­у­ын тоқта­туы тиіс.

Ескер­те кет­сек, үкі­мет­те­гі кор­руп­ция және басқа да қоғам­дық өзек­ті мәсе­ле­лер тура­лы жазып жүр­ген Мамай 11 ақпан­да тер­геу аясын­да екі айға қамалған еді. Мамай­ды ақпан­ның 10‑ы күні Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл ұлт­тық бюро­сы­ның қыз­мет­кер­лері қазір шетел­де қуғын­да жүр­ген оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер, «БТА Банк» дирек­тор­лар кеңесінің бұры­нғы төраға­сы Мұх­тар Әбі­ля­зо­втың ісіне қаты­сы бар деген күдік­пен ұстаған. Тер­геу орга­ны 28 жастағы Жан­бо­лат Мамай­ды «БТА Банк­тен» ұрланған ақша­ның бір бөлі­гінің ізін «Сая­си қалам. Три­бу­на» газеті арқы­лы қар­жы­лық опе­ра­ци­я­лар жасап жасы­рған» деген күдік­пен тер­геп жатыр.

Мамай егер күдік­ті деп таныл­са, жеті жылға дей­ін сот­та­луы мүмкін.

Бірақ Жан­бо­лат Мамай өзіне тағы­лған айып­ты жоққа шыға­рып, бұл істі өзінің жур­на­ли­стік қыз­меті мен «Сая­си қалам. Три­бу­на» газетін жабуға бағыт­талған сая­си аста­ры бар әре­кет деп санай­ты­нын мәлім­де­ген. Әбі­ля­зов та Мамай­мен ешқа­шан кез­дес­пе­генін айтып, жаңа айып­ты «абсурд» деп атаған.


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн