Суббота , 5 июля 2025

ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС «ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ»

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕЗЕКТІ ІІІ-ші КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ШЕШІМІ Алма­ты қала­сы. 18.02.2017 жыл

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы заңы­ның жоба­сын­дағы Кон­сти­ту­ци­я­ның 26-шы бабы­на енгізіл­мек­ші өзгер­ту­лер­дің қажеті жоқ деп санай­мыз. Ол бап заң жоба­сы­нан мүл­дем алы­нып тасталсын.

1. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­лық Кеңес орны­на Кон­сти­ту­ци­я­лық Сот құры­лып, күн­делік­ті орын алып жатқан Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құқық бұзу істерін 48 сағат­та қара­лу арқы­лы құқы­қтық сенім күшейтілсін.

2. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 6‑шы бабы 3‑ші тар­мағы редак­ци­я­сын­дағы «Жер және оның қой­на­уы, су көз­дері, өсім­дік­тер мен жану­ар­лар дүни­есі, басқа да табиғи ресур­стар мем­ле­кет мен­ші­гін­де бола­ды. Жер, сон­дай-ақ заң­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­де, шар­ттар мен шек­тер­де жеке мен­шік­те де болуы мүм­кін» деген­нің орны­на, жаңа редак­ци­яда «Жер және оның қой­на­уы, су көз­дері, өсім­дік­тер мен жану­ар­лар дүни­есі, басқа да табиғи ресур­стар – оны өз ұрпағы­на ама­нат ретін­де қал­ды­рған Қазақ халқы­ның қала­у­ы­мен мем­ле­кет мен­ші­гін­де бола­ды. Жер­ді пай­да­ла­ну құқы­ғы ауыл шаруа­сы, қожа­лы­ққа, коопе­ра­тив­ке, әле­умет­тік тұрғын кешеніне, Отан­дық тау­ар­ды өндіріу­ші кәсі­по­рын­дарға беріледі» деп өзгертілсін.

3. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 7‑ші бабы 2‑ші тар­мағы пай­да­ла­ну­дан алы­нып тасталсын.

Шешім кон­фе­рен­ци­яда біра­уы­здан қабыл­дан­ды. Ол бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да жари­я­ланған күні Заң­ды күшіне енеді. Шешім­ді атқа­ру Пат­ри­от­тық қозға­лыс «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің Басқа­ру­шы Кеңес төраға­сы Болат Құрым­ба­евқа жүктеледі.

 

Жеңі­с­бек САБРАЙЫМ

Пат­ри­от­тық қозға­лыс «Жел­тоқ­сан ақиқаты»

Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бірлестігінің

ІІІ-ші кон­фе­рен­ци­я­сы төрағасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн