Суббота , 5 июля 2025

ЖОРНАЛШЫ ЖАПА ШЕКПЕСІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

Қия­нат


 

Дүй­сен­бі күні Алма­ты қала­лық соты «Три­бу­на» газетінің редак­то­ры Жан­бо­лат Мамай­ды қамауда ұстау жөнін­де­гі бірін­ші сот­тың шеші­мін өзгеріс­сіз қал­дыр­ды. Қоға­мға зала­лы жоқ аза­мат­ты тер­геу кезін­де екі ай бойы қамауда ұста­удың мәні неде? Осы орай­дағы сая­сат­кер­лер пікірін оқып көріңіздер.

 

Әмір­жан Қосанов:

– Қаза­қта «обал» деген сөз бар, Жан­бо­лат қазір­гі елба­сы­ның неме­ре­лері­мен жасты жігіт, 28 жастағы өсіп келе жатқан пат­ри­от! Оның жазған мақа­ла­ла­рын­да «Ел» деген, «Отан», «Азаттық» және «Әділет­тілік» деген ұғым­дар ғана бар. Біз жаста­ры­мы­зды осы ұғым­дар­ды сіңі­ру үшін тәр­би­е­ле­уі­міз керек. Бала­ла­ры­мы­зға мек­теп­тен бастап, шын­шыл бол, әділет­шіл бол деп үйре­туі­міз керек. Жан­бо­лат – сол жастарға үлгі бола­тын нағыз азамат.

Сон­ды­қтан, Жан­бо­лат­тай өрім­дей жас жігіт­ті осы­лай қапасқа қамап қоюы, әрине шек­тен шыққан әділет­сіздік. Біздің сұрап оты­рға­ны­мыз – қала­лық сот Жан­бо­лат­ты абақты­дан боса­тып, үйқа­маққа жібер­сін. Оған да да көніп отыр­мыз, қарт әке-шеше­сінің қасы­на бар­сын. Сот бол­са, үйін­де оған дай­ын­дал­сын. Құжат­та­рын әзір­лесін. Қалға­нын Жан­бо­лат сияқты сау­ат­ты аза­мат кінәсіз екенін дәлел­деп береді. Қалай болған­да да, өзінің кәсі­би қыз­метін атқарға­ны үшін, жур­на­лист жапа шек­пе­уі керек.

 

Расул Жума­лы:

– Соңғы кез­дері еркін тәу­ел­сіз бас­пасөз­ге қысым жасау үдеп бара жатыр. Бұны бәрі­міз бай­қап оты­ры­мыз. Жан­бо­латқа қатыг­ез, қатал шара қол­да­нып, оның қамауға алы­нға­ны бар­лы­ғы­мы­здың төбе­міз­ден жай түс­кен­дей бол­ды. Жан­бо­лат­ты пікір­лес, ойлас, пат­ри­от аза­мат ретін­де ғана тани­мын. Ол жас бол­са да, тәжіре­би­есі­мен, аза­мат­тық ұста­ны­мы­м­ен, алды­ңғы сап­та көрініп жүр­ген аза­мат­тар­дың бірі.

Қазір тәу­ел­сіз деп айтуға бола­тын ақпа­рат құрал­да­ры­ның бірен-сараңы ғана қал­ды. «Три­бу­на» газеті соның қата­рын­дағы, елі­міз­де­гі шын­ды­қты, ақиқат­ты бұқа­раға жет­кізіп жүр­ген басы­лым еді. Бүгін­гі таң­да қоға­мға әділ сөз жеті­пей­ді, оның оры­нын жалған ақпа­рат, өтірік, айдап салу, аран­да­ту сияқты мерез­дер басып жатыр.

Қәзір қалай болған­да да, Жан­бо­лат­тың қамауға алы­нуы – бұл қитұрқы жол­мен еркін бас­пасөзді жою, сол арқы­лы қоғам­ды мешеу жағ­дай­да ұстап оты­ру, үрей­лен­дірудің ама­лы. Бұн­дай­мен келі­су­ге бол­май­ды. Сон­ды­қтан мүм­кін­ді­гі­міз­ше қоғам болып, бұқа­ра болып осын­дай заң­сызды­қтарға жол бер­меу керек. Жан­бо­лат­тың жур­на­лист ретін­де­гі жазға­ны­нан өз басым, сарап­та­у­шы ретін­де бір де бір заң­сыз нәр­се көр­генім жоқ. Адам­дар­ды шын­ды­қты айтқа­ны үшін бас бостан­ды­ғы­нан айы­ра беретін бол­сақ, қан­дай қоғам болғанымыз?

«Три­бу­на­ның» жағ­дай­ын жақ­сы біле­міз: қары­зға батып, тек қана газет­ті саты­лы­мы­м­ен күнін көріп оты­рған шағын ғана басы­лым. Бұл еш қисы­нға кіріп шық­пай­тын мәсе­ле болып тұр. Әбі­ля­зо­втан көмек алға­нын аны­қтаған күн­нің өзін­де де, Әбі­ля­зов ресми тұлға бол­ды емес пе, бан­кін заң­ды түр­де басқар­ды. Ол уақыт­та Әбі­ля­зо­вқа сен заң­сыз әре­кет­тер­мен айна­лы­са­сың деген айып­та­у­лар болған жоқ. Қазір қай банк, қай ірі кәсі­по­рын деме­ушілік көмек жаса­май жүр? Түр­лі мәде­ни орт­лы­қтарға, қоғам­дық бір­ле­стік­тер­ге, спор­тқа, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на көмек көр­се­те­ді ғой. Онда тұрған қан­дай заң­сыздық бар?

Жазып алған –

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн