Суббота , 5 июля 2025

Әлемде мұндай ДАУЫС ЖОҚ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан


 

Қытай­да өтіп жатқан «I am a Singer» жоба­сы Дима­шты Аспан асты еліне ғана емес, күл­лі әлем­ге таныт­ты. Оның ашық дау­сы, қазақ дала­сын­дай кең диа­па­зо­ны, бір­не­ше окта­ваға дей­ін жететін дауыс мүм­кін­шілі­гі, дауы­сы­ның әртүр­лі болып құбы­луы тілі мен діні бөлек өзге мем­ле­кет өкіл­дерін таң қалдырды.

Сөзі­міз құрғақ бол­мас үшін, дәлел ретін­де ғалам­тор­да әртүр­лі ел өкіл­дерінің Димаш жай­лы жазған пікір­лерін ұсы­ну­ды жөн көріп отыр­мыз. Пікір­лер Дима­штың PR-мене­джері Алпа­мыс Шәрі­мо­втің инста-парақ­ша­сы­нан алынды.

 

Jonathan Erwin Malnoury (Фран­ция):

«Мін­сіз ғажап дауыс! Тіл жағы­нан жібер­ген қателік­тері ұмы­ты­ла­ды, кешіріледі. Кеуде дауы­сы мен реги­стр­ді кере­мет қол­да­на­ды екен. Уау».

 

Ingrid Masseaux (Фран­ция):

«Адам сен­гісіз, мен сон­дай шар­ша­дым, ұшып бара­мын. Қазір де ұшу­да­мын, ал мына ән менің басым­да сан рет қайталанды».

 

Isabelle Chauffeton Saavedra (Фран­ция):

«Мына видео­ны 4 рет көр­дім. Адам айт­са нанғы­сыз. Дани­ель Бала­во­ин жұмақта шығар, ол өз әнін орын­даған мына жігіт­ті былай мақтан тұтар еді: «Кемең­гер, нағыз кемең­гер. Бір­не­ше сөзді қате айтқа­ны бұл жер­де маңы­зды ма? Басты­сы эмо­ция шынайы әрі сон­дай қуат­ты бол­ды. Оның дау­сы мен хариз­ма­сы! Құдай­ым-ау! Менің шынайы өмір­ге қай­та ора­луым қажет».

 

Robin Williamson (Техас, АҚШ):

«Бұл қан­дай шоу екенін біл­мей­мін, бірақ… Уау. Оның диа­па­зо­ны адам сен­гісіз, шынайы емес секіл­ді! Оның бұл «сұм­дық» диа­па­зон­ды қол­да­нуы­ның өзі ғажап».

 

Carmen Fernandez Ansuategui (Испа­ния):

«Дауыс… Жүрек­тер­ді жақын­да­сты­ра түсетін ең мықты құрал. Қан­дай кең диапазон…».

 

Christin Orbst (Гер­ма­ния):

«Уау, мұн­да тенор мен сопра­но­ның ара­лы­ғын­дағы бүкіл дауыс бар, ер де, әйел де бар! Денеңді тітіркендіреді».

 

Silvanja Bailando (Ита­лия):

«Тым ерекше, мына әншінің аты-жөнін білетін адам бол­са, маған айтыңыздаршы».

 

Ian Stewart (Ұлы­бри­та­ния):

«OMG!!! Бұл дегенің ғажап, кере­мет қой. Мен мына видео­ны үш рет көріп, тың­да­дым. Мына ғалам­да қалай­ша осын­дай дауыс болуы мүм­кін? Бар мүм­кін шека­ра­дан асып түсетін диа­па­зон. Жоға­ры­дан беріл­ген дарын. Эмо­ци­ям асып-тасып жатыр. Бөліс­кен­деріңіз­ге рахмет».

 

Marcia Nikaydo (Бра­зи­лия):

«Бұл сай­ыс емес деп үміт­те­не­мін. Басқа қаты­су­шы­ларға өте әділет­сіз болар еді. Бір адам­ның ішіне үш түр­лі әнші кіріп алған­дай. Тамаша!»

 

Tuula Hastbacka (Фин­лян­дия):

«Ғажап регистр, кең, таза үндестілік, кере­мет, діріл­дет­кі­шті рет­тей ала­ды. Кере­мет әнші».

 

Monica Reberg (Нор­ве­гия):

«Мына әнді үш күн­нің ішін­де кем деген­де 50 рет тың­даған шығар­мын. Ғалам­шар бетін­де жоқ мына дауы­сты есті­ген сай­ын денем түр­ші­геді. Уау».

 

Fatima Vicente (Пор­ту­га­лия):

«Ммммм, қан­ша­ма эмо­ция, денең тітір­ке­неді… Мұны тың­да­удың өзі ерекше әсер­ге бөлей­ді! Бұл көзіңді жұмып тұрып, сан мәр­те тың­дай беру­ге бола­тын ән екен! Бөліс­кен­деріңіз­ге рах­мет! Өте әдемі!»

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн