Суббота , 5 июля 2025

Әдемі – италияндыққа КҮЙЕУГЕ ШЫҒАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

Ойдан-қыр­дан

 


Өмір­де – Дина­ра (Қай­ы­ро­ва), сахна­да – Әде­мі есі­мі­мен таны­лып жүр­ген әнші жақын­да Ита­лия еліне кете­ді. Оған себеп: сол жақтағы өзіне ессіз ғашық болып қалған ита­ли­ян­дық әнші Валь­тер Ричи­мен бей­не­ба­ян түсір­мек. Тек ол ғана емес, қалы­ң­дық ретін­де оны күй­е­ужі­гіт­тің ата-ана­сы да шақы­рып жатқан көрінеді.

 

Бұдан екі жыл бұрын өткен «Новая вол­на» халы­қа­ра­лық бай­қа­уы Әде­мі әнші­ге тек атақ ғана емес, сүй­ік­тісін де жолы­қты­руға себеп­ші болған сыңай­лы. Себебі, ара­да екі жыл өтсе де, Әде­мі әлі күн­ге дей­ін өзіне ессіз ғашық ита­ли­ян­дық жігіті­мен ғалам­тор арқы­лы сөй­ле­седі екен. Тіп­тен ол skype әле­умет­тік желісі­мен әнші­ге өзіне күй­е­у­ге шығуы­на ұсы­ныс біл­дір­ген. Еуро­па­да есі­мі жер жара­тын өнер­паз­дың бұлай қал­жы­ң­да­май­ты­ны анық. Сөзін рас­тау үшін ита­ли­ян­дық әнші Әде­міні ата-ана­сы­мен таны­сты­ра­ды. Бай­қа­уда жәй ғана дуэт болып шыққан жігіт­тің өзіне қалай ғашық болға­нын әнші қызы­мыз өзі де түсін­бей аң-таң.

Бірақ тосын­нан біл­дір­ген сезім­ге әлі де ойла­нып үлгер­ме­ген Әде­мі, күні бүгін­ге дей­ін нақты шешім қабыл­дай алмай жүр­генін айт­ты. Бүгін­де сахна­да өз орнын қалып­та­сты­рып қалған әнші соңғы уақыт­та шығар­ма­шы­лы­ғы­мен қызу айна­лы­сып жүр. Естеріңіз­де бол­са, Әде­мі сахна үшін отба­сын тастаға­ны тура­лы сұх­бат­та­ры­ның бірін­де айтқан бола­тын. Және жалғы­з­ба­сты ана әзір­ге тұр­мысқа шығуға асы­қ­пай­мын деген-ді.

Тіп­ті өзіне қай­та қосы­луы­на ынтық болып жүр­ген алға­шқы күй­е­уіне екін­ші рет қосыл­май­ты­нын ескер­тіп, жаңа махаб­бат­ты қалай­ты­ны­нын жасыр­май­ды. Әнші қан­дай шешім қабыл­да­са да, тың­дар­ман­да­ры оның келесі неке­де бақыт­ты болуы­на тіле­улес екен­дерін жазып жатыр.

Топ­та­ма­ны дайындаған –

Анар ДӘУКЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн