Суббота , 5 июля 2025

Бейсенғазы НҮКЕН: ШЫНДЫҚМЕН ЖАҚТА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №8 (372) от 2 мар­та 2017 г.

«Жел­тоқ­сан ақиқа­ты­ның» ақиқа­ты қайсы?

 


 

2012 жыл­дан бастап «ПҚ «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» РҚБ-не істелініп жатқан қар­сы әре­кет­тер шаш етек­тен. «Тисе терекке, тиме­се бұтаққа» деген­дей, небір жел­тоқ­сан­шы батыр­лар ұйы­мға тір­ке­ле салы­сы­мен ұйы­мға бай­ла­ны­сты теріс ақпа­рат­тар беру­ден шар­ша­ма­ды. «ПҚ «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» РҚБ 2008–2016 жж. ара­лы­ғын­да ұлт­тық мүд­де­де 186 іс-шара өткізіп, өз қара­жат­та­ры­нан 8 000 000 тең­ге­дей жұмсады.

 

 

«DAT»-газетінің № 07 санын­да (23.02.2017 ж.) басы­лып шыққан «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» жаңар­ды» деген мақа­ла­ны оқып, мақа­ла­ның авто­ры Жеңі­с­бек Сабрай­ым­ның «ПҚ «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» РҚБ-нің істеп жатқан жұмыста­ры­нан хабар­сыз екен­ді­гін түсін­дім. Ұйым төраға­сы Нүкен Бей­сенға­зы­ның 2008 жыл­дан бері ұйым­ның жұмысын тоқтат­пай, бүгін­гі күн­ге дей­ін 186 іс-шара өткізіл­гені­нен бей­ха­бар екен.

2008 жыл­дың мамыр айын­да «Пат­ри­от­тық қозға­лыс «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гін құруға 850 000 тең­ге­дей қара­жат тауып, бәрін өте­ген мен едім. Ақша бол­маған жағ­дай­да ұйым құрыл­мас еді. Ұйым­ды құруға баста­ма­шы болған – Әділ­ха­нов Халел­хан, Отар­ба­ев Ертас, Құс­пе­ков Бей­сен­бай. Олар 2006 жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да маған жолы­ғып, жел­тоқ­сан­шы­ларға бай­ла­ны­сты жаңа­дан ұйым құру­ды ұсын­ды. Ұсы­ны­ста­рын қол­да­сам, құры­ла­тын ұйым­ның төраға­сы етіп мені сай­лай­тын­ды­қта­рын жет­кізді. Ұйым құруға Гүл­ми­ра Той­бол­ди­на атса­лы­сып, бір­не­ше рет оты­ры­стар өткізіл­ді. Осы сөз­дерім­ді дәлел­дей­тін аға­ла­рым бүгін­гі күні орта­мы­зда жүр. Олар Дос Көшім, Болат Дүйсембі.

Ол кез­де мен «Ұлт­тық пат­ри­от­тық «Ұлт тағ­ды­ры» Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің атқа­ру­шы дирек­то­ры едім. Бірін­ші Құры­л­тай жина­лы­сым (27 мамыр 2008 ж.) «Алма­ты» қонақүй­ін­де өтті. Зия­лы қауым­нан құры­л­тай жина­лы­сы­на кел­ген­дер – Мұх­тар Шаха­нов, Амал­бек Тшан, Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Дос Көшім, Совет­хан Ғаб­бас, Бей­біт Қой­шы­ба­ев, Болат Дүй­сем­бі, Жұмаш Көк­бөрі бол­ды. Елі­міздің сегіз облы­сы­нан өкіл­дер кел­ді. Алы­стан кел­ген жел­тоқ­сан­шы­лар­дың жол ақы­ла­ры, тамағы, қонақүй орын­да­рын мен төледім. Құры­л­тай жина­лы­сы­нан кей­ін ұйым­ның құжат­та­рын дай­ын­дап, Аста­на қала­сы­на барып, тір­кеу коми­тетіне өткіздім.

Тір­кеу жеті айға созыл­ды. Өз басым Аста­наға 5 рет барып қайт­тым. Жол шығы­нын өзім төле­у­ге тура кел­ді. 2009 жыл­дың наурыз айы­ның 27-күні «ПҚ «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» РҚБ ҚР ӘМ ресми тір­ке­уден өтіп, ұйым заң­ды күшіне енді.

Рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де тір­ке­уден өткен соң, заң жүзін­де елі­міздің сегіз облы­сы­нан фили­ал­дар ашу керек бол­ды. Ара­да бір жыл өткіз­бей, жүгіріп жүріп фили­ал­дар­дың құжат­та­рын дай­ын­дап, екі қала­лық, алты облы­стық фили­ал­дар­ды тір­ке­уден өткіздім. Фили­алға шыққан шығын­дар­ды өз қара­жа­тым­нан төледім. Алма­ты қала­сы­ның ішкі-сая­сат басқар­ма­сын­да «ПҚ «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» РҚБ жетін­ші ұйым болып тір­кел­ді. Басқа алты ұйым­ның есі­гін қаға алмай, өздерін жел­тоқ­сан­шы қата­ры­на тір­ке­ле алмай жүр­ген­дер­дің саны 200 адам­дай қата­ры­мы­зға жинал­ды. «ПҚ «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» РҚБ аты­на тір­келіп, ұйым аты­нан куәлік­тер алып, «жел­тоқ­сан­дық» деген атаққа ие бол­ды. Ақта­ла алмай жүр­ген­дер ұйым­ның көме­гі­мен ақта­лып жатты.

Ұйым 2012 жылы Жел­тоқ­сан көтерілісінің қаһар­ман қызы Сәби­ра Мұха­меджа­но­ва, 2013 жылы Ләз­зат Аса­но­ва, 2014 жылы Сұлу­хан Наза­ро­ва­лар жер­лен­ген жеріне және оқы­ған оқу орын­да­ры­на ескерт­кі­ш­тер орнат­ты. 2013 жылы ұлты­мы­здың мақтан тұта­тын тұлға­ла­ры – Абы­лай хан­ның 300 жыл­ды­ғы­на, Рай­ым­бек батыр­дың 310 жыл­ды­ғы­на, Мұқаға­ли Мақа­та­ев­тың 80 жыл­ды­ғы­на, Дін­мұ­ха­мед Қона­ев­тың 100 жыл­ды­ғы­на, Аңы­рақай шай­қа­сы­ның 180 жыл­ды­ғы­на, Қарқа­ра көтерілісінің 100 жыл­ды­ғы­на арналған шара­лар өткізіл­ді. 2009 жыл­дан бастап жыл сай­ын 31 мамыр­да Сая­си қуғын-сүр­гін күнін еске алуға орай «Алма­ты – Жаңа­лық мара­фо­нын» өткізіп жүрміз.

Осы бағыт­та істелініп жатқан жұмыста­ры­мы­зға қан­ша­ма қар­сы­лы­қтар бол­ды. Іші­міз­ден өзі­міз­ге қар­сы шыққан адам­дар­мен бір­ге басқа ұйым бас­шы­ла­ры да бол­ды. 2012–2014 жыл­дар ара­лы­ғын­да Жек­сем­ба­ев Жақ­сы­лық, Жапа­ше­ва Ләз­зат, Бей­сен­ба­е­ва Жұл­ды­зай, Әділ­ха­нов Халел­хандар бастаған топ «ұйым төраға­сы Бей­сенға­зы Сәдуұ­лы ұйым­ның ақша­сын жеп қой­ды» деп, Аста­на қала­сын­дағы «Адам құқы­ғын қорғау» орта­лы­ғы­на, Алма­ты қала­сы­ның Қар­жы поли­ци­я­сы­на, Алма­ты қала­сы­ның Эко­но­ми­ка­лық және жемқор­лы­қ­пен күре­су басқар­ма­сы­на, Алма­ты қала­сы­ның Түрк­сіб аудан­дық, Алма­ты қала­лық кас­са­ци­я­лық сот­та­ры­на ары­здар жазып, мені сотқа бер­ді. Жазған ары­зда­ры дәлел­де­ме­лер тап­паған­ды­қтан, бар­лық сот шешім­дері мен жаққа шешіл­ді. Арыз жазу­шы­лар­дың мақ­са­ты – мен оты­рған орын­таққа оты­ра салу. Өздері ұйым құра алма­ды, менің қара­жа­тым­мен құры­лған ұйы­мға аш кене­ше жабысты. «Дай­ын асқа – тік қасық» деген ойла­рын іске асыр­мақ­шы. «Аққа – құдай жақ» деген­дей, бар­лық сот­ты жеңіп шықтым. Тыны­шталған болар деп жұмысым­ды жалға­сты­ра бердім.

2016 жыл­дың қыр­күй­ек айын­да ШҚО Аягөз қала­сын­дағы «Арда­гер» саябағын­да Тәу­ел­сізді­гі­міздін 25 жыл­ды­ғы­на тар­ту ретін­де «Жел­тоқ­сан – 1986 жыл» ескерт­кі­шін қой­дым. 2012–2016 жж. ара­лы­ғын­дағы істелініп жатқан жұмыста­ры­мы­здың 100 пай­ы­зы­на Жек­сем­ба­ев­тың тобы ара­ласқан емес. Олар­мен 2012 жыл­дың шіл­де айы­нан бастап бай­ла­ны­сы­мыз үзіл­ді. Ұйым­нан өз ерік­тері­мен кетті.

2016 жыл­дын 19 мамы­рын­да ҚР ӘМ Тір­кеу коми­тетін­де «ПҚ «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» РҚБ бас­шы­сы­на бай­ла­ны­сты өзгеріс болған­ды­ғын біл­дім. Тағы да Жақ­сы­лық Жек­сем­ба­ев бастаған топ мен біл­мей­тін жина­лы­сты өткізіп, сыр­ты­мы­здан жалған құжат­тар жасап, тір­кеу коми­теті­нен тір­ке­уден өтіп­ті. Ұйым бас­шы­сы Құрым­ба­ев Болат деген бей­мәлім адам­ды төраға­лық оры­нға сайлаған.

Енді аза­мат­тық тұрғы­да кім­дікі дұрыс, кім­дікі бұрыс? Бүгін­гі күні Ж.Жексембаевтардың тап­сы­рған жалған құжат­та­ры Тір­кеу коми­теті­нен алы­нып, сот оты­ры­ста­ры өткелі жатыр. Тір­кеу коми­тетіне тап­сы­рған құжат­та­ры жүз пай­ыз жалған екен­ді­гіне көзі­міз жетті.

Ұйым мақ­са­ты­на 9 жыл­дай тап­жыл­май еңбек еттім, ыстық-суы­ғы­на көн­дім. Енді кеше – науры­здың 1‑і күні Ала­тау ауда­нын­да тағы да сот оты­ры­сы бастал­ды. Сол сот­та шын­ды­қты тағы да айтып, жеңіп шығу пары­зы­мыз деп білем.

 

 

Шын­дық басқа­дай екен

 

ЖЕЛТОҚСАН ҰЙЫМДАРЫН

САУДАҒА САЛМАҢЫЗДАР!

 

Қазе­кем: «Адам­ның сөзіне аспан­дағы бұлт та айна­ла­ды» деген ғой. Мен сол бұлт­тай бол­дым. Abai.kz ақпа­рат­тық пор­та­лы­ның 27 ақпан­дағы санын­да жари­я­ланған «Жел­тоқ­сан­шы­ның ащы шын­ды­ғы» деген мақа­ла­ны (Б.С.Нүкенов жазған) көріп, «ащы шын­ды­қты нар тәу­е­кел­мен айтқан екен» деп, риза болып, оқып, ила­нып, құп­тап, оған қар­сы­ларға қат­ты­рақ пікір жол­дап едім.

Кей­ін­гі пікір­лер­ді оқып және өзі­ме теле­фон шалған адал аза­мат­тар­дың айтқан­да­рын түсініп, нағыз шын­ды­ққа көзім жетті.

Содан түй­генім: Бей­сенға­зы Нүке­нов сужұқ­пас­тың көкесі екен! Жел­тоқ­сан мәсе­лесін бүл­діріп, өтірік­тен шалап жасап жүр екен. Соны біл­ген соң, пор­тал­да жазған ойым­ның ағат­ты­ғы­на өкін­дім. Сол үшін «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» ұйы­мы­ның төраға­сы Болат інім Құрым­ба­ев­тан, оның әділ ісін қостап, қажы­май көмек­тесіп жүр­ген Айша, Жұл­ды­зай, Гүл­ми­ра қарын­даста­рым­нан, таза жан­ды басқа жел­тоқ­сан­шы іні-қарын­даста­рым­нан да кешірім өтінемін!

Қазе­кем: «Біл­ме­ген у ішеді» деген де ғой: мен де ойда-жоқта сон­дай­ға ұшы­рап, Нүке­но­втің сыл­дыр-судыр сөзіне сеніп қалып­пын. Ойпыр-ай, шімірік­пес «шешен­дер­дің» түр-түрі бар екен-ау!..

Құр­мет­ті жел­тоқ­сан­шы­лар! Абай ата­мы­здың: «Бас-басы­на би болған…» дегенін­дей, қазақ тарихын­дағы Жел­тоқ­сан көтерілісі мәсе­лесін бұр­ма­ла­май, бір­не­ше ұйым құрып, сауда­лай бер­мей, марқұм жел­тоқ­сан­ды­қтар­дың ару­ағын, тірілер­дің өздерін сый­лап, бір­ден-бір адал орта­лық болу­ды ұйғарған «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» ұйы­мын қол­даңы­здар, оның төраға­сы ҚҰРЫМБАЕВ БОЛАТПЕН қанат­тас болы­ңы­здар! Өйт­пе­сеңіз­дер, Жел­тоқ­сан көтерілісін заң жүзін­де әділ баға­ла­у­ға селқос болып, был­ты­рғы 30 жыл­ды­ғын­да тіп­ті ләм-мим деме­ген билік сіз­дер­ді бір­те-бір­те шіл­дей тозды­рып жібе­реді – ойланыңыздар!

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн