Суббота , 5 июля 2025

Ақорданың саясатын жарнамалауға 48 МИЛЛИАРД ЖҰМСАЛҒАН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 


Сая­сат қалай жасалады?


 

Қаза­қстан­да өткен жылы мем­ле­кет­тің ақпа­рат­тық сая­са­ты­на 48 мил­ли­ард тең­ге (қазір­гі бағам бой­ын­ша 150 мил­ли­он дол­лар­дан астам) жұм­сал­ды. Бұл тура­лы Аста­на­да өткен БАҚ-тың мем­ле­кет­тің қар­жы­лан­ды­руы тура­лы жиын­да «Құқы­қтық медиа-орта­лық» қоғам­дық қоры­ның дирек­то­ры Диа­на Окре­мо­ва хабарлады.

Жиын­да қоғам­дық ұйым 2016 жыл­дың мәлі­мет­тері мен соңғы жеті жылға қаты­сты деректерін ұсын­ды. Окре­мо­ва­ның сөзіне қараған­да, Қаза­қстан­да БАҚ-қа қар­жы екі бағыт бой­ын­ша – мем­ле­кет­тік тап­сыр­ма және мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс арқы­лы бөлінеді.

«Мем­ле­кет­тік тап­сыр­ма­ны жыл сай­ын он БАҚ ала­ды. Мұн­дай мәсе­ле мына­да – сома­ның қай­дан алы­на­ты­нын және оның қалай табы­ла­ты­нын біз бақы­лай алмай­мыз. Яғни, бұл БАҚ-тар жыл сай­ын осы қар­жы­ны ешқан­дай кон­курс­сыз ала­ды. 2010 жылы бұл сома 17 мил­ли­ард бол­са, ең көп бөлін­ген 2015 жылы ол 42 мил­ли­ард тең­ге, 2016 жылы 41 мил­ли­ард бол­ды. Ал биы­лға 36 мил­ли­ард тең­ге есеп­тел­ді», – деді Диа­на Окре­мо­ва. Ол жұм­салған қар­жы­ның тиім­ділі­гін дәл баға­лай­тын кри­те­рий­лер жоғын айтады.

Аста­на­дағы жиын­да өткен жылы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бөлін­ген 48 мил­ли­ард тең­ге­ге мем­ле­кет жари­я­лаған кей­бір лот­тар­да көр­сетіл­ген­дей, «мем­ле­кет­тің жағым­ды бей­несін қалып­та­сты­руға арналған оң мате­ри­ал­дар» жасалға­ны айтылды.

Жиы­нға қаты­сқан Ақпа­рат және ком­му­ни­ка­ция мини­стр­лі­гінің өкіл­дері аталған про­бле­ма­лар­дан хабар­дар екенін және «шене­унік­тер­ді жар­на­ма­ла­у­мен» айна­лы­спай­ты­нын мәлім­деді. Мини­стр­лік өкілі Ләз­зат Сүй­ін­дік­тің айтуын­ша, шене­унік­тер мем­ле­кет­тік ақпа­рат­тық сая­са­тын қар­жы­лан­ды­ру жағын жетіл­діруді жос­пар­лап отыр. Жос­пар бой­ын­ша тоғыз адам­нан құра­ла­тын, қоғам өкіл­дері тар­ты­ла­тын арнайы кеңес құры­ла­ды және ол кеңес қай БАҚ-қа қан­ша қар­жы бөлу кере­гі тура­лы ұсы­ны­сын білдіреді.

Azattyq.org

 

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн