«Общественная позиция»
(проект «DAT» №9 (373) от 8 марта 2017 г.
«Алтын сырға»
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Қалыбекованың «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» кітабынан алынған ырымдар мен нанымдар. Түпнұсқа: http://e-history.kz/kz/publications/view/760
Аяғы ауыр әйелге керілген жіптен аттап өтуіне болмайды: ырым бойынша, босанған кезде оның сәбиінің кіндігі мойнына оралып, тұншығып қалады.
Аяғы ауыр әйел қолына ара, қайшы (өткір заттар) ұстауына болмайды. Ырым бойынша, мезгілінен бұрын босанып қалуы мүмкін.
Аяғы ауыр әйелдің қоян етін жемегені дұрыс, әйтпесе баласы кем болып (қоян жырық) тууы мүмкін.
Екіқабат әйел түйенің етінен дәм татпағаны дұрыс, себебі «баланы құрсағында 12 ай бойы көтеріп жүруі мүмкін». Егер белгіленген уақытта әйел босанбаса, еркегі түйенің (бура) мойнын ақ матамен орап, аяғы ауыр әйелді түйенің үстінен аттатады.
Түсік тастамау үшін, екіқабат әйелдің киімінің етегін бүріп қояды.
Толғақ қысып жатқан әйелдің үйінде барлық сандықтардың қақпағын ашып қояды, олардың ішіндегілер сол әйелге тиесілі болады. Ырым бойынша, сонда толғақ та жеңіл өтіп, оңай босанады.
Бала емізетін ананың омырауы немесе сауылатын үй жануарларының желіні ісіп кетсе, ырым бойынша, өлікті жууға пайдаланылған шүберекпен сүртуді ұсынады.
Ырым бойынша, қонаққа келген қызды әдетте үлкендер мен құрметті адамдар отыратын орынға отырғызу керек, әйтпесе «сол үйдің иесі несібеден қағылады».
Әйел адам жаяу немесе атқа мініп келе жатқан ер адамның алдынан кесіп өтпеу керек – бұл қылық оның бақытын байлауы мүмкін.
Мынадай да ырым бар: егер әйел отынды алып, үш қадамға тең келетін биіктікке қойса – күйеуі басқа әйелге кетіп қалады.
Әйел өзінің қиған немесе түскен шаштарын отқа тастауы дұрыс емес. Ырым бойынша, ол өлгеннен кейін о дүниеде Құдай: «Менің берген шаштарым қайда?» деп сұрауы мүмкін. Сондықтан әйелдер мұндай шашты адам баспайтын жерге көміп тастайды.
Бүйірін таянып тұру – жаман ырым: әдетте жесірлер өздерінің өлген күйеулерін осылай тұрып жоқтайды.
Қыз балаға шашын жайып жіберіп жүру – жаман ырым: басына зор қайғы түскен әйелдер (әдетте жесірлер) ғана осылай жүреді.
Біреудің үйіне қонаққа келе қалғанда, үй иесі жұмыс істеп жатса, оған көмектесу керек – әйтпесе балаңның белі бүкір болады.
Ұзақ уақыт бойы бала көрмеген ерлі-зайыптылар ырым бойынша мойындарына көгеннің бұршағын салып, Алладан бала тілеген.
Үнемі түсік тастай берсе (немесе балалары бір жасқа толмай шетіней берсе) – сол отбасының туыстары немесе достары ырым бойынша кезекті балаға аяғы ауыр әйелдің әлі тумаған баласын әдейі сатып алуы тиіс.
Бала асырап алған кезде отбасына келген ұл баланың қолына асық жілік, қыз балаға ортан жілік ұстатады. Содан кейін той жасап, қонақ шақырады.
Баланы сыпырғымен ұрма – бұдан оларға жаманшылық келеді.
Баланы ожаумен ұру — оны болашақтағы несібесінен қағу.