ТЕҢГЕ ҚҰНСЫЗДАНСА, халық қалай кедейленбейді?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №10-11 (375) от 16 марта 2017 г.

Апта аптығы


Девальвация қазақстандықтарды кедейлендірген жоқ, деп есептейді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов (ҚазТАГ).

«Девальвация нәтижесінде біз екі есеге кедейлене түстік деп айтып жүр, әрине, ол ондай емес. Девальвация азаматтарды кедейлендіре түсті деп айтуды доғаратын кез келді. Барлық кезде есеп болған, мемлекет девальвация қажет болған бизнес мүддесі мен девальвация онша керек емес қарапайым азаматтар арасындағы балансты іздеген. Әрине, біз арзан импорттық заттарды сатып алғымыз келеді, шетелдерге арзан барғымыз келеді, бірақ болар іс болды, бояуы сіңді», – деді Т. Сүлейменов сәрсенбі күні CFO Idea Exchange&Networking Event-2017 саммитінде.

Бұл – бір елдің ұлттық экономика министрінің сөзі. Ал енді ақшасы құнсызданып, азық-түлігі мен тұтыну тауарлары қымбаттаған елдің халқы қалай кедейленбейді? Теңгенің құнсыздануы мен девальвацияның өсуіне сай жалақысы да тиісінше өспеген елдің министрі экономиканың тілін осындай сауатсыздықпен түсінген болса, жуық болашақтан қандай қайыр күтуге болар екен?

Сауыр САЙҚАН


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн