Суббота , 5 июля 2025

Меруерт ТҮСІПБАЕВА: БІРЕУДІ БАҚЫТСЫЗ ЕТУДЕН ҚОРҚАМЫН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.

 

Дөп сөз

 

Димаш бауы­ры­мы­зды тіл-көз­ден бұрын, «Нұр Отан­нан» сақта деу керек шығар…

Еділ Мәкен­нің ФБ-парақшасынан

 

Сыр ашу


 

Меру­ерт Түсі­п­ба­е­ва отан­дық бағ­дар­ла­ма­лар­дың бірін­де өз өмірі жай­ын­да сыр шер­тіп, өнер­дің соқ­пақ жол­да­рын­да бағын­ды­рған беле­стерін айтып бер­ді. Бірақ соңғы уақыт­та жаңа ән жаз­ды­ру­дан бұрын, киноға түсіп жүр­ген әнші актер­лік­ке көп ден қой­ып жүр екен.

 

Меру­ерт қазақ еліне «Қимай сені бара­мын» әні арқы­лы таны­лып, талай тың­дар­ман­дар­дың жүре­гінің төрі­нен орын алды. Тіп­тен әлі күн­ге дей­ін ол ән өз тың­дар­ма­нын жоғалт­паған. Әншінің өзі айтқан­дай, жаңа әндері­нен гөрі, ескі әндеріне әлі күн­ге дей­ін сұра­ныс көп екен.

«Соңғы он екі жыл­дың ішін­де мен орын­даған әндерім­нің бар­лы­ғы хит бол­ды десем – қате­ле­с­пей­мін. Бұл артық айтқа­ным емес. Дәл қазір­гі уақыт­та мен жаңа әндер жаз­ды­рып жатыр­мын. Әрине, бар­лық әндерім хит бола­ды деп мақта­нып айта алмай­мын. Шығар­ма­шы­лы­ғым­да, бәл­кім, тоқы­рау болып жатқан шығар. Құдай­ға шүкір, мен қазір­гі уақыт­та киноға да түсіп жатыр­мын. Өнер сала­сын­да жинаған бар­лық тәжіри­бем­ді мен шәкірт­тері­ме беру­ге тыры­су­да­мын. Қалған өмірі­ме азық бола­тын хит әндерім де көп. Сол ескі әндерім­ді көп адам сұрай­ды. Ескі әндерім­нің көп сұра­ны­сқа ие екенін мақта­ны­шпен айта ала­мын», – дей­ді әнші.

Тек шығар­ма­шы­лы­ғы­на ғана емес, жеке өміріне де тоқта­ла кет­кен Меру­ерт өзіне «Тұр­мысқа қашан шыға­сыз?» деп жиі қой­ы­ла­тын сұраққа: «Менің мінезім нашар. Он төрт жыл­дан бері жалғыз өзім өмір сүріп келе­мін. Отба­сы болу деген сөз – басқа адам­мен сана­суың керек деген­ді біл­діреді. Жұмыстан үйге кел­ген соң, оның көңіліне қарап, тамағын әзір­леп, киі­мін үтік­теп беруің қажет бола­ды. Ал қазір мен үйге келе­мін, тамақ дай­ын­да­май­мын. Сон­ды­қтан біре­уді бақыт­сыз ету­ден қорқа­мын», – деп ағы­нан жарыл­ды әнші. Бірақ ана­лық махаб­бат­ты жет­кілік­ті сезіне алмаған Меру­ерт соңғы кез­дері сәбидің иісін сағы­нып жүр­генін жасы­рып қал­ма­ды. Сол үшін бала­лар үйіне жиі бара­тын ол сәби асы­рап алғы­сы келеді.

Бұры­нғы күй­е­уі жай­ын­да «Қимай сені бара­мын» бей­не­ба­я­ны­на сол кез­де күй­е­уім түс­кен бола­тын. Ол өте әде­мі жігіт бол­ды. Талай қыздар ғашық еді. Еке­уміз жеті-сегіз жыл­дай өмір сүр­дік. Өмір­дің сынақта­ры­на шыда­ма­дық. Одан бір­ге өте алма­дық. Бұған ешкім­ді кінәла­май­мын. Ара­да қызға­ныш көп бол­ды, жұмыс істеу мүл­дем бол­май кет­кен соң ажы­рас­тық деп әңгі­ме­ле­ген әнші қазір ұлы мен әкесінің қарым-қаты­на­сын ашып айт­па­ды. Тіп­тен осы бағ­дар­ла­ма­дан соң да Меру­ерт­тің инста-парақ­ша­сын­дағы оқыр­ман­да­ры бұл сұраққа жау­ап сұрап әлек болуда.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн