Турабилер тұғыры

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №13 (377) от 06 апреля 2017 г.

Апта аптығы


Alaman Qazaq:

Әкімнің сүйреп жүрген орынбасары аттестациядан өте алмай қалыпты. Сүмірейіп отырса, әкім кеп:

– Қандай сұрақ түсті? – депті.

Орынбасары:

– «Қазақтың үш биі?» деген. «Қамажай» мен «Қара жорғаны» айттым, үшіншісін таба алмадым…

Сөйтсе әкім:

– Әттеген-ай, «Қызыл өрік» қой! – деген екен.

Жеткерген Садуақас:

«Қазсат-1»-ді ұшырып, кейіннен ол жоғалып кеткенде, итальяндықтар: «Ақша жеудің неше түрін білетін едік. Бірақ «через космос» жегенді қазақтардан көрдік», – деп таң қалған екен.

«Через космос» жеген халал болып саналады. Ақша жегеніңді ешкім дәлелдей алмайды. Дәлелдеймін деп «арқа етің арша, борбай етің борша» болып, жүр сол, космосты шарлап, жоқ спутникті іздеп.

Уа, ағылшындар! Халал ақша жеуді үйренгілерің келсе, қазақша үйреніңдер! Уот, тәк!

Ардақ Әшімова:

Осыдан 25 жыл бұрын телеарналарда «сәл шыдаңдар, өтпелі кезеңнен өтсек, барлығы да жақсы болады» деп айтатын еді. Сол өтпелі кезең 10 жылдан кейін қиын кезеңге ұласты. Сосын тағы 10 жылы өте ауыр кезеңдерге тап қылды.

Ал соңғы 5 жыл «өте ауыр» кризис кезеңіне жалғасты. Шыдам шегіне жетті. Жарылатын кез келді. 25 жыл алдағандарыңыз жетеді! 25 жылда жағдайды түземек түгілі, халықты азғындатып, қайыршы қылып жібердіңіздер!

Әрі қарай төзу мүмкін емес.

Әлі де кеш емес, кетіңіздер! Енді әрі қарай отыра беру сіздерге тек қайғы-қасірет әкеледі! Кетіңіздер!!!

Қуандық Шамахайұлы:

Немересі:

– Ата қырық өтірікші деген кімдер, қазір бар ма?

Атасы:

– Болғанда қандай, қазір жиналып алып, қос палатада отыр ғой.

Ержан Тәліп:

Каникулда үлкен ұл мен қызымды жездемнің ауылына жібергенмін. Солар келді кеше. «Не жаңалық?» деген сұрағыма екеуі бірдей қосарланып:

– Папа, есіттіңіз бе? Анау «16 қыздағы» ұрлықшы болып ойнайтын актер «қазақ мың жылдан кейін жойылады» депті. Жынды ғой, иә? – дейді ашуланып. Осындай ұл-қыздары бар қазақ ұлты жойылмақ емес. Жойылмайды да. Жойылатындар Жануардың тұқымы шығар…

Еділ Макен:

Газет киоскісінде:

– «Қазақ тілі» бар ма?

– Жоқ.

– Ал «Қазақстан»?

– Сатылып кетті…

Әзілі аралас пікірлер «Фейсбук» желісінен алынды


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн