Суббота , 10 мая 2025

АСТАНАДА ӨТЕТІН «ТҮРКІВИЖН» ҚАНША ҚАРЖЫНЫ «ҚЫМҚЫРАДЫ»?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

 

ЭКСПО халы­қа­ра­лық көр­месі аясын­да Turkvision кон­кур­сы биыл Қаза­қстан­да өте­ді, – деп хабар­ла­ды Stan.kz пор­та­лы мәде­ни­ет және спорт мини­стрі Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлы­ның сөзіне сіл­те­ме жасап.

 

«2017 жыл­дың тағы бір айры­қ­ша оқиға­сы Turkvision қазір­гі заманғы эст­ра­да әндерінің кон­кур­сы болып табы­ла­ды, оны біз Аста­на қала­сын­да тамыз айы­ның аяғын­да өткі­зуді жос­пар­лап отыр­мыз. Turkvision мис­си­я­сы – түр­кі мәде­ни­етін наси­хат­тау, түр­кітіл­дес музы­кант­тар көре­рмен­дерінің аясын кеңей­ту, ортақ мәде­ни кеңістік құру және туы­с­тас халы­қтар мен елдер ара­сын­да достық қарым-қаты­на­стар­ды орна­ту болып табы­ла­ды», – деді бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да А. Мұхамедиұлы.

Бұдан бөлек, «EurasianDanceFestival» халы­қа­ра­лық балет өнерінің фести­валі ЭКСПО-2017 мәде­ни бағ­дар­ла­ма­сы­ның тағы бір ими­дж­дік іс-шара­сы бола­ды екен. Фести­валь­ға «UniversalBallet» корей труп­па­сы, АҚШ-тың «BadBoysofDance» би ұжы­мы, «Аста­на Опе­ра» МОБТ, «Аста­на Балет» теат­ры, соны­мен қатар әлем­дік балет­тің жетек­ші соли­стері қаты­спақ. Соны­мен бір­ге КСРО халық артисі Асанәлі Әші­мо­втің 80 жыл­ды­ғы­на арналған бүкіләлем­дік «Аста­на» театр фести­валі – маңы­зды мәде­ни оқиға­лар­дың бірі, әлем­дік дең­гей­де­гі театр жұл­ды­зда­ры­ның кез­де­суі, ауқым­ды ашық фести­валь­ға айна­ла­ды, дей­ді мәде­ни­ет министрі.

Енді­гі бел­гілі болған­дай, ЭКСПО-2017 халы­қа­ра­лық көр­месінің аясын­да өтетін мәде­ни-спорт­тық шара­ларға мем­ле­кет қазы­на­сы­нан 9 млрд тең­ге қар­жы бөлін­ген еді. Бұл, әрине, бөлін­ген қар­жы­ның ресми сома­сы. Ал басқа бей­ре­сми қор­лар­дан бөлі­нетін қар­жы­ның сома­сы «жеті қат жер астын­дағы» құпия бол­са керек. Сон­ды­қтан министр Мұха­ме­диұ­лы айтқан «жыл­дың айры­қ­ша оқиға­сы» – Turkvision бай­қа­уы тағы да қосым­ша қар­жы­ны қажет етер­лі­гі анық.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн