Суббота , 5 июля 2025

Алаң да алаң, алаң жұрт… ЖАЛАҢ АЯҚ, ЖАЛАҢ БҰТ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (376) от 30 мар­та 2017 г.

 

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Аста­наға Риан­на келеді. Ол Аста­на­да өтетін ЭКСПО-2017 көр­месіне қаты­сып, шетел­дік тури­стер­ге ән салып бермек.

 

Әп, бәре­кел­ді! Кел­сін ғой, бірақ ол тегін кел­мей­ді. Әлем­дік сахна­лар­дың көрі­гін қызды­рып жүр­ген бәден­ді бикеш ән салып бер­ген еңбе­гіне 2 мил­ли­он АҚШ дол­ла­рын алып қайтпақ.

Тіп­ті Аста­на ЭКСПО-2017 көр­месінің ресми сай­тын­да Риан­на­ның өнер көр­се­тетін уақы­ты да бел­гі­леніп­ті. Бұл әзір­ге нақты емес екен, Риан­на­ның ән шырқай­тын уақы­ты өзге­руі әбден мүмкін.

Болжам бой­ын­ша, жар­ты­лай жалаңаш жүріп ән айта­тын «поп-жұл­дыз» «Аста­на-Аре­на» ста­ди­о­нын­да, отыз мың­нан аса­тын көре­рмен­нің алдын­да мәде­ни-таным­дық іс-шара­лар кезін­де өнер көрсетеді.

Пох, шір­кін!

Қашан?

6 мау­сым­да!

Tengrinews.kz-тің жазуы­на сүй­ен­сек, Бар­ба­до­стан шыққан әншінің кеш­терін ұйым­да­сты­рып жүр­ген маман Риан­на­ның Қаза­қстанға келіп қай­ту сапа­ры 1,5–2 мил­ли­он­ның төңіре­гін­де бола­ды депті.

Осы тұста айта кетей­ік, енді екі-үш айдан соң Елор­да­да өтетін көр­ме­ге әлем­нің 115 мем­ле­кеті қаты­са­ды. Шама­мен 5 мил­ли­он турист келеді. Оларға Риан­на бастаған бір­сы­па­ра шетел­дік әртіс өнер көрсетеді.

Риан­на­ның келе жатқа­нын ойла­сақ, көңіл­де: «Қазақ өнер­ге кен­де ме еді?» деген сұрақ көлденеңдейді.

Шетел­ден келетін 2–3 мил­ли­он турист жалаң аяқ, жалаң бұт «жұл­ды­здың» емес, қаза­қтың мәде­ни­еті­мен, тілі­мен, тұр­мыс-тір­шілі­гі­мен таны­су үшін келеді емес пе?.. Шетел­дік тури­стер­ге «міне, қаза­қтың өнері, мәде­ни­еті» деп көр­се­тері­міз жоқ па?

Әлде әнші­ге жары­май жүр ме едік? Аран­да­ры ашы­лған «жұл­ды­здар­ды» ЭКС­ПО-ның төрін­де тай­раң­датқан­нан кім не ұтады?

 

Нұр­гел­ді Әбдіғаниұлы

Abai.kz


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн