Ақбота өзінен сегіз жас кіші ЖІГІТКЕ КҮЙЕУГЕ ТИДІ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №12 (376) от 30 марта 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 


 

Өзінен сегіз жас кіші ер азаматқа тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова тойлары ораза айыннан соң болатынын айтты.

Stan.kz тілшісін тойына қонақ болуға шақырған әнші ата-енесінің қалауымен ақ көйлек кимекші екенін де айтты.

«Бұл менің өз өмірім, бақытты болуға құқым бар шығар. Жасымыз орта жасқа келді. Балалар өсті, қашанғы жалғыз жүреміз деген оймен тұрмысқа шығып жатырмын.

Ұлдарым да айтады: «Мама, өзіңізге жанашыр, қамқор болатын кісі болса, тұрмысқа шық» деп. Кішкентай болса да, олардың ұсынысы мен ақылы мен үшін маңызды», – дейді танымал әнші.

Енді оқу бітірген қызға үйленгелі жатқан Асхат Тарғын тойға 8–9 млн қаржы жұмсалғанын айтқан болатын (Келесі жарияланымды қараңыз). Бірақ Ақбота ондай ақша ысырап жасамаймыз дейді. Тіпті той жасағысы да келмепті. Оған ата-енесі қоймаған. «Мен негізі тойды жасамай-ақ қоялық деген едім, оған ата-енем: «Ақбота бақытқа лайықты, үйленгеннен кейін кішігірім той жасайық» деп қоймады.

Сөйтіп, ата-енемнің ақ батасын алып, достарымыз бен жақын адамдарымызды жинап, атап өтейік деп жатырмыз. Бұйыртса, жақын деген адамдарымның басын қосамын. Мен 8–9 млн құртып, ысырап жасамаймын. Жақын адам сынамайды. Одан да сол ақшаны балаларыма жұмсағаным дұрыс», – дейді әнші Ақбота.

Ақбота үлкен тойға аппақ қалыңдық көйлегін киюді де армандап жүр. Бірақ әнші нақты киетін ақ көйлегін әлі таңдамапты. «Ия, ақ көйлек киемін. Бірақ әзірге таңдамадым. Жақындаған соң көреміз», – дейді Керімбекова.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн