«Общественная позиция»
(проект «DAT» №12 (376) от 30 марта 2017 г.
Апта аптығы
Базарлардағы қалта ұрлығы үшін жауапкершілікті сол базар иелері мен күзет агенттіктері мойнына алуы керек, деп есептейді ҚР бас прокуроры Жақып Асанов.
«Ведомстволық күзет мекемелері базарларға белгілі уақытқа пайда табу үшін ұрыларды жібереді екен деп мен қарапайым адамдардан талай естігем. Сондықтан базарлардағы қауіпсіздік үшін сол базарлардың иелері жауап беруі керек», – деді Ж. Асанов дүйсенбі күні заңдылықтарды, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында.
Бас прокурордың пікірінше, егер ведомстволық күзет қаламаса, базарларда ешқандай ұрлық болмайды. «Егер күзетілетін аумақта ұрлық жасалатын болса, онда ондағы күзет мекемесінен лицензиясын алып қояйық. Базар иелері мен күзет құрылымдарын шақырып алып, нақты ақылдасайық. Бұл мәселеге принципті түрде қарау керек», – деді Ж. Асанов.
ҚазТАГ