ФРАНЦИЯДАН КЕЛГЕН ҚЫЗ банкте қазақша қызметті талап етті

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №12 (376) от 30 марта 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

Парижден келген Гүлшах Есдевлет Қарағанды банктерінің бірінде қызметкерден орысша емес, қазақша сөйлеуді өтінді. Оны көрген банк қызметкерлері абдырап қалды.

 

Басынан өткен хикаясымен Facebook-те Ерлан Әшім бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz. «Бүгін қобалжытатын жағдайға кезіктік. Әйелім Парижден келген Gulsah Esdevlet деген қонақ досымызды KAZKOM (Қарағанды, Кривогуз к.) банкісіне апарған. Гүлшах кассадан Франциядан келген ақшасын алу керек еді. «Мен орысша білмеймін, қазақша сөйлесейік» – деді ол қызметкер кассирге. Естіп қалған кісілер аң-таң.

Бір уақытта қасында тыңдап қана тұрған банк күзетшісі үндемей ғана бір парақ қағазды алып, тез арада бірдеңе жазып, арттарынан мәшинеге дейін келіп, қағазды қолына ұстата қойыпты. Гүлшах қарындасымыздың айтуынша, ағайдың көзінде жас тұрыпты. Берген қағазы (фотокөшірмені қараңыз) осы», – деп жазады Ерлан Әшім.

 

Stan.kz


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн