ТҰҢҒЫШБАЙДАН НИДІҢ НЕСІ АРТЫҚ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №16 (380) от 27 апреля 2017 г.

 

Апта аптығы

 

Масқара!

 


«Тұңғышбайдың Ниден несі артық?» деген мәселе қойып едік, жоғары жақтағы қола қоңыраулар қозғалып, қайта-қайта мазаны алып, күлкімізді кетіріп, ұйқымызды қашырып болмады. Сосын, амал кем – алып тастадық (интернет-сайттан – Ред.). Біздің (Abai.kz-те) әлгіндей мәселе көтеруіміз сотқа қысым жасау болып есептеледі екен. Пішту… Осы уақытқа дейін судьялар қоғамдық пікірлерді ескеріп, шешім қабылдапты дегенді естісем, мына жарғақ құлағымды жапырақтай етіп жұлып берейін.

Даурен Қуаттың ФБ-парақшасынан

 

1 миллион доллар пара алды деп ұсталған «Қорғас» халықаралық орталығының бұрынғы басшысы Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Алматы қалалық соты шығарған үкім бойынша, 2016 жылдың 5 қыркүйегінде ұсталған Василий Нимен қоса, «Қорғастың» инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллава да ақталған деп хабарлады «31 арнаның» жаңалықтар қызметі.

«Қорғас» орталығы аумағына қымбат қонақ үй салу үшін «Тюлпан-Хоргос» компаниясынан миллион доллар талап еткен Василий Ниді алғашында екі айға қамау туралы шешім шыққан. Ақыры бұл іс туралы шу басылып, ел ұмыта бастағанда, Алматы қалалық соты парамен ұсталған Ни мен қарамағындағы қызметкер Сайдуллаваны жазадан босатыпты. Ал аса ірі көлемде пара алған «Қорғас» басшысының босатылуын депутаттар дұрыс шешім дейді. Соның бірі «көсемінің» мумиаланған мәйітін қазақ жеріне әкеліп қоюды армандап жүрген депутат Косарев болып шықты. Ол аталған арна тілшісіне берген шағын сұхбатында:

«У нас же есть положение, когда он восстановить похищенные, и они могут отпустить его. Это, думаю, правильно», – дейді. Кәрі коммунисттің пікіріне сүйенсек, ұрланған дүние орнына келсе, ұрлықшыға кешірім жасалуы керек. Біздің заңдарымызда сондай мүмкіндік ескерілген.

Депутат әлгіндей дегенімен, білікті заңгерлер Қылмыстық кодекстің 65-бабы бойынша қылмыскерлерді шын өкінуіне байланысты жауапкершіліктен босатуға болмайды дегенді айтады. «65-бап мүлде дұрыс емес. Біздің Қылмыстық кодекс – қылмыскерлердің өкінуін күттіретін кодекс. Ал кез келген қылмыскер ұсталғаннан кейін өкінеді, ұсталғанға дейін өкінбейді», – дейді кәсіби заңгер Орынбасар Тілепбергенов.

Тағы бір заңгер Джохар Өтебеков болса: «Бұрын-соңды аса ірі көлемде парамен ұсталып, босатылыпты дегенді естімегенмін. Дәл осы қылмыстың жазасына 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл аса ауыр қылмыс саналады», – деп, әріптесінің сөзін нақтылай түседі.

«1 миллион доллар парамен ұсталған «Қорғас» орталығының бұрынғы басшысына қанша көлемде айыппұл салынғаны белгісіз. Бұл туралы Алматы қалалық соты ешқандай ақпарат таратпады. Ал кәсіби заңгерлер дәл осындай қылмыстық жауапкершіліктен босататын жағдайдың жекелеген тұлғаларға қатысты өте сирек қолданылатынын айтады», – деп қортындылайды ойын «31 арна» тілшісі.

Елімізде Ни, Ким, Нан дейтін бірнеше алпауыт кәріс азаматтары бар. Мына Ни сол Нилердің сойынан болуы әбден мүмкін. Ал ең басты Ни – ұзақ жыл ҚР президентінің көмекшісі, ақылшысы болған Владимир Ни еді жарықтық. Ол дүниеден қайтқанда (2010 жылы, қыркүйек айында), президент Назарбаев: «Владимир Ни Қазақстандағы кәрістерді ел қатарына қосып кетті», – деген болатын. Қазақстандағы кәріс диаспорасының ендігі серкесі Владимир Ким ұзақ жылдар бойында «Қазақмыс» директорлар кеңесінің төрағасы болды. «Форбос» журналының дерегіне сүйенсек, Қазақстаннан шыққан миллиардерлердің көшбасында тұрған алпауыттың бірі де сол – Ким мырза.

Қысқасы, 1 миллион доллар көлемінде пара алып ұсталған Василий Ни абақтыдан босады. Шамасы, істеген ісіне ол қатты «өкінсе» керек. Ал өкінгендер мен өтінгендердің бәріне біздегі заң орындары дәл осылайша кеңдік жасай беремейді. Әйтсе де Вәкеңдікі рахат: ұрлады, ұсталды, шықты. Романтика!

Abai.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн