Суббота , 5 июля 2025

Зымыран ЗІЛЗАЛА туғызды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (380) от 27 апре­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

 

Сәуір­дің 20-сы күні «Бай­қоңыр» ғарыш айлағы­нан ресей­лік «Союз МС-04» зымы­ра­ны ұшы­ры­лға­ны мәлім. Аспан кеңісті­гін тесіп өткен зымы­ран сол күні-ақ Қаза­қстан аумағын­да зіл­за­лаға пара-пар табиғат апа­тын тудырды.

 

Мұн­дай ұшы­ру­лар кезін­де ауа рай­ы­ның күрт бұзы­ла­ты­нын білетін «Қаз­гид­ро­мет» меке­месі алдын ала дауыл­ды ескер­ту жари­я­ла­ды. Ертеңін­де – сәуір­дің 21–22-інде Алма­ты, ОҚО және Жам­был облы­ста­рын­да нөсер жаң­быр жауып, аймақтар­ды топан­су тасқы­ны басып қал­ды. Су-дре­наж жүй­есі әбден тозған неме­се жасал­маған Алма­ты­да күні бой­ғы нөсер­ден қала көше­лерін тасқын су басты. Жүр­гін­ші тұрғын­дар түгілі, авто­көлік­тің жүрісін қиын­датқан топан­су сал­да­ры­нан қала­ның төмен­гі бөлі­гін­де­гі жеке үйлер­дің аула­сы өзен-көл­ге айналды.

Зымы­ран­ның ұшу тра­ек­то­ри­я­сын­да орна­ласқан Қараған­ды, Ақмо­ла, Сол­түстік Қаза­қстан және Шығыс Қаза­қстан облы­ста­рын­да нөсер мен қар суы­ның сал­да­ры­нан өзен­дер­де су дең­гейі күрт көтеріл­ді. Жеке­ле­ген аймақтар­да қат­ты дауыл тұрып, ауыл шару­а­шы­лы­ғы нысан­да­ры­на залал келтірді.

Маман­дар­дың пікіріне қараған­да, «Бай­қоңыр» кос­мо­дро­мын Ресей­ге жалға беру­ден түсетін 20 млн дол­лар бір ғана ұшы­ры­лым кезін­де пай­да бола­тын табиғат апа­ты зардап­та­ры­на пара-пар екен. Ал жыл көле­мін­де бұл айлақтан қан­ша­ма «Союз» бен «Про­тон» ұшы­ры­ла­ты­нын ескер­сек, бұл сая­си сауда Қаза­қстанға қып-қызыл шығы­нға түсетінін есеп­теп шығу қиын емес.

 

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн