Суббота , 5 июля 2025

Баян ЕСЕНТАЕВА: ШОУ-БИЗНЕСТЕ ТОҚАЛДАР КӨП

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (380) от 27 апре­ля 2017 г.)

 

 


 

 

•Таны­мал про­дю­сер Баян Есен­та­е­ва күй­е­уіне опа­сыздық жасаға­нын тағы да бір рет мой­ын­да­ды. Ол Тұр­сы­нға­ли Ала­гө­зов­ке ғашық болып қалға­нын, сон­ды­қтан жүре­гіне әмір жүр­гі­зе алмаға­нын айт­ты деп жаз­ды 365info сайты.

 

365info-ға бер­ген сұх­ба­тын­да Баян Мақ­сатқы­зы шоу-биз­не­сте тоқал­дар­дың көп екенін мәлім­деді. Оның айтуын­ша, түбін­де ер адам сұлулы­ғы мен ақыл­ды­лы­ғын ұшта­сты­ра біл­ген, яғни үздік әйел­ді таң­дай­ды. Бұл рет­те оның бірін­ші не екін­ші әйел болуы маңызсыз.

«Иә, мен күй­е­уім­нің көзіне шөп сал­дым. Шоу-биз­не­сте алды­мен тоқал, ал кей­ін­нен сол сүй­ген ер ада­мы­ның заң­ды жұбайы болған­дар көп. Олар­ды тани­мын. Ер адам әркез тек үзді­гін таң­дай­ды. Басқа әйел­дер­дің не іздей­тінін біл­мей­мін. Тек өзім үшін жау­ап бере ала­мын. Мен ешқа­шан біре­удің жеке өміріне қол сұғып неме­се ол үшін біре­уді айып­таған емес­пін. Себебі, бірін­ші­ден, ол менің шару­ам емес», – деп түсін­дір­ді продюсер.

Бақыт­бек Есен­та­ев­пен 22 жыл неке­де болған Баян Есен­та­е­ва бұры­нғы махаб­ба­тын «қатер­лі» деп ата­ды. «Мен 22 жыл неке­де бол­дым. 2 не 12 жыл тұра­тын адам­дар да бар. Ол дегеніңіз тұтас бір өмір. Бұл – мен алға­шқы неке­ме жұм­саған өмірім­нің үлкен бөлі­гі. Мен Тур­сен­ды кез­де­стір­ген кез­де… Бұл – махаб­бат. Ал махаб­бат­та ере­же, шек­теу жоқ. Және табиға­ты­ң­нан қан­ша ақыл­ды бол­саң да, махаб­бат­та ақы­лға уақыт табыл­май­ды. Табиғат маған ақыл бер­ген. Бірақ бір уақыт­та ол ақы­лың жұмыс істе­мей­ді. Сен өзің­мен не болып жатқа­нын түсін­бей­сің. Құд­ды сені теңіз толқы­ны орап әкет­кен­дей бола­ды. Яғни, ол толқын­ның сені қай жағаға апа­рып шыға­ра­ты­нын біл­мей­сің. Сен тұн­шы­ғып қалуың да, аман-есен жағаға шығуың да мүм­кін. Махаб­бат әртүр­лі бола­ды. Өзі­ме келетін бол­сам, менің алға­шқы некем – қатер­лі неке бол­ды. Ал оның аяқта­луы – жаз­мыш», – деп­ті Баян Мақсатқызы.

365info

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн